ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қырғыз делегациясымен келіссөздердің қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қырғызстан Премьер-министрі Сапар Исаков бастаған ресми делегациямен келіссөздер аяқталды. Сапар таяуда қырғыз тарапының бастамасы бойынша болған телефон арқылы әңгіменің қорытындысы бойынша өтті.
«Біріншіден, біз екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың проблемалы мәселелерін талқыладық. Олар біздің елдеріміздің шекара, көлік, фитосанитарлық және ветеринариялық бақылау саласындағы өзара іс-қимылға қатысты.
Сондай-ақ ЕАЭО және ДСҰ тиісті нормалары мен ережелері есепке алына отырып, кедендік және салықтық әкімшіліктендіруге қатысты проблемалы мәселелер қаралды. Мысалы, біздің кеден органдарымыз қырғыз импортерлары қытайлық тауарды Қазақстан территориясы арқылы транзиттеу кезінде жалған декларация жасаған фактілерді анықтап жатыр. Соның салдарынан біз шығынға батып отырмыз», — деді Қазақстан премьер-министрі.
Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, қырғыз тарапы қойылған мәселелермен келісіп отыр. Премьер-министр Сапар Исаков Қырғызстанның өз міндеттемелерін орындаумен, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінің экономикалық мүдделерін сақтаумен байланысты проблемаларды шешуге сындарлы қадам жасауға кепілдік берген.
«Екінші. Біздің келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан премьер-министрлері бірінші орынбасарларының төрағалығымен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Жұмыс тобы бес жұмыс күні ішінде бірлескен Жол картасын әзірлеуге тиіс болады. Жол картасы қабылданғаннан кейін тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды толығымен орындауды қамтамасызетуге міндеттеледі.
Сондай-ақ біз осы жылдың 19 қазаны күні сағат 00:00-ден бастап біздің елдер арасындағы мемлекеттік шекараларды, әсіресе Қордайдағы шекараны кесіп өтудің басымдықты тәртібі қамтамасыз етіледі, ол жеке жүгі бар жеке тұлғаларға, тұрақты жолаушы тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарына, жеңіл автокөлікке, бос жүк автокөлік құралдарына қатысты», — деп түйіндеді Үкімет басшысы.