• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ресей Президенті Сирия мәселесін реттеуге қосқан үлесі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты

20.10.2017
0

Ресей Президенті Владимир Путин Сириядағы ахуалды реттеу үшін келіссөздер алаңын ұсынған Қазақстанға және Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сочиде өткен «Валдай» халықаралық дискуссиялық клубының отырысы барысында Қазақстанның Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің төрағасы Ерлан Қарин РФ басшысы Владимир Путиннен Сириядағы ахуалды реттеу бойынша Астана процесінің аралық нәтижелері жөнінде сұрады.

«Сізбен өткен жылғы кездесуіміз Сириядағы ахуал, Алеппо айналасындағы жағдайға қатысты өтті. Биылғы жылдың басында Сириядағы ахуалды реттеу бойынша Астана процесі іске қосылды. Алғаш рет Қазақстан елордасы — Астанада қарсы күресуші әртүрлі тараптардың, сондай-ақ аталмыш процестің кепілгер елдері — Ресей, Түркия және Иранның өкілдері келіссөздер үстеліне отырды. Келіссөздердің бірнеше раунды өтті, құжаттар қабылданды. Астана процесінің аралық нәтижелеріне қандай баға берер едіңіз? Және тағы бір мәселе, қазір Таяу Шығыстағы дағдарыс жаңа реңк алып отырғанын көріп отырмыз. Мен өзіңіз атап өткен Солтүстік Ирактағы күрдтердің референдумы, Керкуктегі әскери операция және жалпы Сириядағы әскери ахуалдың өзгеруі турасында айтып отырмын. Сирия дағдарысын реттеу келешегі қандай және Таяу Шығыстағы жалпы ахуалды қалай бағалайсыз?», — деді Ерлан Қарин.

«Сириялық реттеу және Астана процесіне қатысты айтар болсам, ең алдымен, Қазақстанға және Президент Назарбаевқа бізге және осы процестің өзге қатысушыларына Астана алаңын ұсынғаны үшін алғысымды білдіремін. Қазақстан жай ғана бас қосатын жер емес. Ол — өте қолайлы алаң. Мен мұнда Қазақстанның бейтарап позициясын, Қазақстанның бұл аймақтың қандай да бір ішкі шиеленістеріне ешқашан араласпағанын, керісінше, беделді бітімгер болып табылатынын айтып отырмын. Айта кетейін, Президент Назарбаев барлық шиеленісуші және бітімге келуші тараптарды келіссөздер үстелінің басында ұстап қалу үшін белгілі бір жауапкершілікті өз мойнына алған кездер де болған. Сол үшін алғысымыз шексіз. Астана процесінің бет алысы оң, әрине, проблемалар да жоқ емес. Бірақ жалпы — позитивті», — деп жауап қайырды Владимир Путин.

Сондай-ақ Ресей басшысы Сирия бойынша ең маңызды мәселеге — қантөгісті тоқтатуға қол жеткізу мүмкін болғанын атап өтті.

«Түркия, Иран және Сирия үкіметінің ұстанымының арқасында өзекті мәселелер бойынша позицияларды жақындастыруға мүмкін болды, бұл — қантөгісті тоқтату. Сондай-ақ деэскалация аймақтарын құру, бұл — Сирия бойынша соңғы екі жылдағы жұмыстардың, соның ішінде Астана процесінің басты жетістігі. Айта кетейін, Астанадағы келіссөздерге қатыспайтын, бірақ қашықтан қатысып отырған және болып жатқан процестерге ықпал ететін өзге елдер де, соның ішінде АҚШ айтарлықтай үлестерін қосуда. Біз америкалық әріптестермен бұл мәселе бойынша өзара қарым-қатынастамыз. Олар тұрақты, бірақ оңай емес, пікірталастар да болып тұрады. Дегенмен, бұл ықпалдастықтың негативтен бұрын, позитивті тұстары көп. Осы уақытқа дейін біз көп мәселе бойынша бір мәмілеге қол жеткізіп келдік, соның ішінде Израиль мен Иордания мемлекеттерінің мүдделері бар деэскалацияның оңтүстік аймағы бойынша. Әрине, бұл процеске Сауд Арабиясы, Мысыр, Иордания, Катар және шағын, бірақ маңызы жоғары көптеген өзге елдердің оң ықпалы тиіп отыр», — деді ол.

Аталмыш мәселе бойынша перспективаларға тоқталған В.Путин, жақын уақытта бұл аймақта лаңкестердің көзі жойылатынын айтты. Сонымен қатар, деэскалация аймақтарын құрудан кейін келесі кезеңге өту көзделіп отырғанын жеткізді.

«Барлық этникалық және діни топтар, үкімет пен оппозиция қатысу үшін Сирия халқының конгресін құру идеясы бар. Бұл саяси реттеудің келесі маңызды қадамы болар еді», — деп түйді РФ Президенті.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4668 БАСПАНА

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болып, көптен күткен қуанышқа кенелді. Қала әкімі қатысқан салтанатты рәсімде жаңа пәтердің кілті табысталып, тұрғындардың...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ҚАЛДЫҚТАН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ӨНДІРІЛЕДІ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте экология мен энергетиканы ұштастыратын ірі инвестициялық жобаның құрылысына капсула салынды. Енді тұрмыстық қалдықтар қоқыс полигонына жөнелтілмей, заманауи технология арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Жылдамдықпен жүйткіген спортшыларды түсіремін деп, мәреге олардан бұрын жеткен видеооператор бүгінде әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Желі қолданушылары оны «желаяқ оператор»...

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкенттегі жердің әр гектары есепте тұр. Жалпы аумағы 116 мың гектардан асатын қалада жер қорын тиімді басқару басты назарда. Миллиардтаған...

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Білім саласы бойынша 3-ші мегаполисте тағы бір тарихи сәт. №140 мектепте алғаш рет халықаралық стандартқа сай күрес залы пайдалануға берілді....

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

Айғақ медиа
27.07.2026
0

Әскери тәртіп – Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін айқындайтын басты талаптардың бірі. Әскери жарғыны бұзу тек тәртіптік жауапкершілікке ғана емес, жауынгерлік...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.