• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қазан 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қытайда қанша қазақ бар және олар қалай қоныстанған?

16.10.2017
0

Қытайда қанша қазақ бар және олар қалай қоныстанған?

Қытайдағы қазақтар Шыңжаң провинциясына қарасты Іле Қазақ автономиялы облысына (Іле, Тарбағатай, Алтай аймақтарын қамтиды), Санжы дүнген автономиялы облысына, Құмыл аймағына, Бұратала моңғол автономиялы облысына, Үрімжі қаласына, жалпы алғанда, солтүстік және шығыс Шыңжаңға жиі қоныстанған. Бұдан бөлек Гансу өлкесінің Ақсай қазақ автономиялы ауданында, Чиңхай өлкесінің Хайши аймағында және Бейжің қаласында да қандастарымыз көптеп тұрады.

Қытайдағы қазақтардың саны 1949 жылы 443 мың 655 болса, 1979 жылы 847 мың 997-ге жеткен. 1982 жылы қазақтың саны 907 мың 583, 1985 жылы 964 мың болған. Бұл көрсеткіш 1990 жылға келгенде 1 миллион 100 мыңды көрсетсе, 1998 жылы қандастарымыздың саны 1 миллион 350 мың болды. Қытайдың 2012 жылғы халық санағына қарағанда қазір Қытай қазақтарының жалпы саны – 1 миллион 460 мың адам.

213

2010 жылғы Қытайдың 6-реткі халық санағына сәйкес Шыңжаңдағы қазақтардың қоныстану жағдайы мынадай:

Іле қазақ автономиялы облысында (Іле, Тарбағатай, Алтай аймағын қамтығанда) қазақтардың саны – 1 139 293 адам. Ал Іле облысына тікелей қарасты аудан, қалаларда 561 549 қазақ тұрады. Атап айтқанда:

  • Құлжа қаласы – 20 214,
  • Күйтің қаласы – 5319,
  • Құлжа ауданы – 47 102,
  • Нылқы ауданы – 77 752,
  • Күнес ауданы – 13 7712,
  • Тоғызтарау ауданы – 51 670,
  • Текес ауданы – 70 172,
  • Қорғас ауданы – 33 665,
  • Моңғолкүре ауданы – 80 510,
  • Чапчал сібе автономиялы ауданында – 37 433 қазақ тұрады.

Тарбағатай аймағында – 249 143 қандасымыз өмір сүруде. Яғни:

  • Шәуешек қаласы – 24 879,
  • Толы ауданы – 65 078,
  • Дөрбілжін ауданы – 70 728,
  • Шағантоғай ауданы – 16 868,
  • Шиху қаласы – 21 943,
  • Сауан ауданы – 35 080,
  • Қобықсары моңғол автономиялы ауданында – 14 558 қандасымыз бар.

Алтай аймағында – 328 610 қазақ қоныстанған.

  • Алтай қаласы – 74 399,
  • Шіңгіл ауданы – 46 101,
  • Көктоғай ауданы – 65 405,
  • Жеменей ауданы – 24 383,
  • Бурылтоғай ауданы – 28 672,
  • Қаба ауданы – 50 036,
  • Буыршын ауданы – 39 614

Үрімжі қаласында (Үрімжі ауданындағы 22 579 қазақты қамтығанда) – 63 275 қазақ өмір сүреді.

Санжы дүнген автономиялы облысында 132 582 қандасымыз тұрады.

  • Санжы қаласы – 18557,
  • Фукаң қаласы – 13 668,
  • Шонжы ауданы – 24 061,
  • Жемсары ауданы – 10 766,
  • Құтыби ауданы – 24 467,
  • Манас ауданы – 18 638,
  • Мори қазақ автономиялы ауданы – 22 425.

Бұратала моңғол автономиялы облысында – 44 664

  • Бұратала қаласы – 18 636,
  • Жың ауданы – 13 021,
  • Арасан ауданы – 13 007

Құмыл аймағында жалпы 49663:

  • Құмыл қаласы – 11 245,
  • Аратүрік ауданы – 4012,
  • Баркөл қазақ автономиялы ауданы – 34 406,

Байынғолин моңғол автономиялы облысында – 1197,

Тұрпан аймағында – 270,

Ақсу аймағында – 190,

Қызылсу қырғыз автономиялы облысында – 126,

Қашқар аймағында – 230,

Хотан аймағында – 82.

Бұл статистикалық мәліметтерге Гансу өлкесінің Ақсай Қазақ Автономиялы Ауданындағы 3000-нан аса қазақ пен Бейжің қаласында тұратын қандастарымыз қамтылмаған.

Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін қазақ ұлты Қытай коммунистік партиясының басшылығында басқа ұлттар сияқты ұлттық териториялық автономия болды. Яғни 1954 жылы 27 қарашада Іле қазақ автономиялы облысы құрылып, жаңа құрылған үкімет Іле, Тарбағатай, Алтай аймақтарын басқарды және Бұратала моңғол автономиялы облысын уақытша басқаратын болды. 1954 жылы 17 шілдеде Мори қазақ автономиялы ауданы, 1954 жылы 30 қыркүйекте Баркөл қазақ автономиялы ауданы, 1954 жылы 27 сәуірде Гансу өлкесінде Ақсай қазақ автономиялы ауданы құрылды.

Baq.kz

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КРЕАТИВТЕН – КӘСІПКЕ

КӘСІПКЕ ҚАНАТ БІТІРГЕН ҚАРЖЫ

Айғақ медиа
10.10.2026
0

Кәсіп бастауға ниетті жандар үшін жағымды жаңалық. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін екінші деңгейлі банктерден 12,6 пайыздық мөлшерлемемен 200...

КРЕАТИВТЕН – КӘСІПКЕ

КРЕАТИВТЕН – КӘСІПКЕ

Айғақ медиа
10.10.2026
0

Шығармашылық идеядан басталады. Ал сол идеяны табыс әкелетін жобаға айналдыру үшін білім мен дұрыс бағыт қажет. Шымкентте осы мақсатты көздейтін...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ЗАҢДЫ БІЛГЕН – ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетті Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңның үстемдігі айрықша мәнге...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ҰЛТ ӨНЕГЕСІ ҰРПАҚПЕН ЖАЛҒАСАДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Қазақтың дәстүрлі қолөнері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігін ғана емес, тұтас дүниетанымын, эстетикалық талғамын, өмір салтын танытатын рухани мұра. Соның ішінде киіз...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

КӨЛІК ҚАТЫНАСЫНА ЖАҢА ДЕМ БЕРГЕН ӨТКЕЛ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкент – аумағы кеңейіп, халқының саны артып, экономикалық әлеуеті күшейіп келе жатқан ірі мегаполис. Қаланың даму қарқыны артқан сайын оның...

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

  Шымкентте жол, медицина және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамыту жұмыстары қатар жүруде. Шаһардың дамуын жаңа ғимараттар мен жолдардың санымен ғана...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.