Бүгінгі Үкімет отырысы барысында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Көші-қон саясаты тұжырымдамасы жобасын назарға ұсынды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен. Аталған Тұжырымдама жобасы ағымдағы жағдайды, әлемдік экономикадағы ахуалды және ұзақ мерзімді келешек көкжиегін ескере отырып әзірленген.
«Осы жылдың басынан бері Үкімет көш шығатын және қабылдайтын өңірлерді, қоныс аударушыларға арналған әлеуметтік қолдау түрлерін анықтады. Бұл тұста көші-қон ерікті түрде жүргізіліп, жұмыс беруші ұсынатын бос жұмыс орны мен еңбекпен қамту кепілдігі болғанда ғана жүзеге асады.
Аталған үдерістерді басқаруда біз «экономикалық өсім нүктелерін» және осыған байланысты еңбек ресурстарына сұранысты айқындадық. Мысалға, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен елдің аумақтық тұтастығын сақтауда елдік және өңірлік маңыздағы ірі жобалар іске асырылатын агломерациялық тораптар (Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе) және ірі қалалар, экономикалық өсімнің аймақтық орталықтары, шекара маңы аумақтары назарға алынды. Ішкі көші-қон ағымдарын, ынталандыру квоталарын қолдана отырып, жұмыс берушілердің сұранысы негізінде реттеуді жоспарлаудамыз. Сонымен қатар, қоныс аударатын әр отбасы мүшесіне субсидияны сақтаған күйі жұмыс күші артық аймақтардан көшті қолдауды жалғастыра бермекпіз. Әрі қарай да отбасыларға 12 ай бойы баспана жалдауға субсидия ұсына беретін боламыз. Сондай-ақ, қоныс аударушының келісімімен нарықтан үй сатып алуға мүмкіндік жасалады. Мұнда жылдық субсидия сомасы бір уақытта төленуі ықтимал. Балама тәсіл ретінде кем дегенде бес жұмысшыны үш жылға жұмысқа алса жұмыс берушіге субсидия тағайындау көзделуде», — деп атап өтті министр.
Министрлікте құрылған жоспар бойынша, байқаусыз беретіндей, аумағын анықтай отырып, өтеусіз негіздей кәдеге жарататындай, қоныс аударушыларға бау-бақшамен айналысуға, коммерциялық мақсаттарға (облыс орталықтарын қоспағанда) жер телімдері және ауылшаруашылық жерлері бөлінетіні болжануда.
Бұл шараларды жүзеге асыру арқылы еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы және экономика мұқтаждығына сай азаматтарды ұтымды орналастыру деңгейі артады.
Құжатта сыртқы көші-қон стратегиясын қалыптастыруда отандастарымыздың мүддесін қорғауға ерекше көңіл бөлінген: жеңілдетілген тәртіп білім деңгейі қазақстандық кадрлардан жоғары білікті мамандарды жұмысқа тартуға рұқсат алуға ғана қатысты енгізілген.
Биылдан бастап, Еңбекмині тарапынан, шетелдік жұмыс берушілер жағына жергілікті және шетелдік мамандардың арасалмағын қамтамасыз ету, еңбекақыны тең төлеу қағидаттары күшейтілген. Еңбекмині бастамасымен, рұқсат беру кезінде жергілікті атқарушы органдар белгілейтін саналуан ерекше жағдайлардың орнына салық алымы енгізілді.
Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдар берген 6,5 млрд теңгеден астам сомадағы 19 мыңнан астам ақылы рұқсаттың қаржысы ұлттық кадрларды оқытуға бағыттала алады.
Квота бөлу жүйесі экономиканың ұзақ мерзімді сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Осы орайда, алғаш рет, жеке тұлғаларда істейтін еңбек мигранттарына шектеулі квота көлемі айқындалған.
«Көші-қон саясатын бұдан әрі дамыту стратегиясы ұзақ мерзімді немесе аралас көші-қон үлгісі қолданылатын Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы елдерінің тәжірибесін арқау ететін болады. Бұл дегеніңіз, білікті мамандарды экономиканың инновациялық секторларына тартып, кәсіпкерлікті өркендете аламыз. Мұндай саясаттың тиімділі сол, нарық жағдайында қажетті «қауіпсіздік жастығы» қалыптасады. Сондай-ақ, Тұжырымдама көрсетілген кез-келген мәселеде ұлт қауіпсіздігіне ерекше ден қойылып, белгілі бір тәуекелдерге дайын күйде боламыз.
Тұжырымда жобасында бесінші Дүниежүзі қазақтары құрылтайында Елбасы тапсырған міндеттерді жүзеге асырудың жоспары да орын тапқан. Мысалға, шетелде тұратын қандастарымызбен байланысты жандандыру үшін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен етене жұмыс жасау көзделіп отыр. Бүкіл әлем бойынша этникалық қазақтар сапынан жоғары білікті мамандарды тартуда жүйелі іс-қимыл атқару үшін дербес электронды деректер қоры жасақталады», — деді Тамара Дүйсенова.
Сөз түйінінде, Еңбекмині, оралмандарды бейімдеу орталықтарын жаңғыртуды ұсынуда. Аталмыш орталықтар оралмандар мен ішкі көші-қон қатысушыларына бірдей «ортақ терезе» түрінде жұмыс істейтін болады.
ҚазТАГ