Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
    Айғақ TV

    30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа10.06.2026Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы игі істер жалғасуда. Кезекті 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Ақжайық шағынауданында бой көтерген заманауи үйлерден беріліп жатқан баспаналар мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдетілген ипотека аясында ұсынылды. Бұл бастама – қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам.

    Шымкентте тағы да бір қуанышты сәт – 30 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Қоныс тойын Ақжайық шағынауданының тұрғындары тойлайды. Жаңа пәтерлер барлық талапқа сай салынып, қажетті инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген. Бағдарлама аясында әлеуметтік осал топтағы азаматтарға басымдық берілді. Бұл – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижесі.

    Пәтерлер мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары және Отбасы банкі арқылы ұсынылды. Жеңілдетілген ипотека тетіктері азаматтарға үлкен мүмкіндік беріп отыр. «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламаларына қатысушылар төлем қабілеттілігін растаған. Олардың қатарында көпбалалы және толық емес отбасылар бар. Сондай-ақ ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен бюджет саласының қызметкерлері де қамтылған.

    Бүгінде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің сапасы жоғары деңгейде бағаланып, тұрғындар қала басшылығына шынайы алғыстарын білдіруде. Олар бұл игілікті істер ел экономикасының өсіп, халықтың әл-ауқатының артып келе жатқанын көрсетеді дейді. Осындай қуанышты сәтте немере келінін қолдап келген Мейрам Асанханқызы көпшілікті қаланы қорғап, тазалықты сақтауға шақырды.

    Жаңа тұрғын үйлер сапалы әрі заманауи талаптарға сай салынған. Инженерлік жүйелер толық жүргізіліп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған. Мұндай жобалар қаладағы тұрғын үй қорын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді. Алдағы уақытта да осындай игі бастамалар жалғасын табады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.