AIBA 25 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Германияның Гамбург қаласында өтетін бокстан әлем чемпионаты жарыстарының кестесін жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
25 тамыз – 49, 56, 64, 75, 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 жарыстары;
26 тамыз – 52, 60, 69, 81, келіге дейінгі және 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 1/16 жарыстары;
27 тамыз – 49, 56, 64, 75, 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 жарыстары;
28 тамыз – 52, 60, 69, 81, келіге дейінгі және 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 1/8 жарыстары;
29 тамыз – барлық салмақ дәрежесінде ширек финал жарыстары;
30 тамыз – демалыс күні;
31 тамыз — 49, 56, 64, 75, 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финал жарыстары;
1 қыркүйек — 52, 60, 69, 81, келіге дейінгі және 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жартылай финал жарыстары ;
2 қыркүйек – барлық салмақ дәрежесінде ширек финалдық кездесулер өтеді.
25-26 тамызда сессия Гамбург уақыты бойынша 14:00 және 19:00-де, ал қалған күндері 15:00 және 19:00-де басталады.
Еске сала кетейік, әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының боксшылары он салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі.
Дереккөз: Baq.kz