• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты өнім сапасын «Еуро-4» және «Еуро-5» стандарттарына сәйкестендірді

23.08.2017
0

Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекет қолдауымен өндірісін өркендеткен кәсіпорындардың жұмысы қазір қарқынды.

Солардың бірі Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты жаңғырту кезеңінен сәтті өтіп, шығарылатын өнім сапасын «Еуро-4» және «Еуро-5» стандартына сәйкестендірді. Енді қара алтын өңдеуді 90%-ға дейін жеткізбек. Ал екіншісі – етті күркетауық өсіретін фабрика. Олар да жұмыртқаны өзімізде шығаруды қолға алмақ.

Жаңадан жұмыртқа жарып шыққан күркетауықтың балапандары өскенде 12-18 келіге дейін ет береді. Шаруашылықтың бас мал дәрігері Мұхтар Ерімбетов «Күркетауықтың бабын табу қиын. Оларға қолайлы температура, қажетті жарық, құнарлы азық керек», – дейді. Күтімі жақсы құстың еті дәмді әрі жұмсақ болады екен.

Мұхтар Ерімбетов, фабриканың мал дәрігері:

— Шыққан балапан бір күндігінен бастап өсіру аймағына жеткізіледі. Ол жақта 37 күн болады. Одан кейін құс бордақылау алаңына барады, әрі қарай 105-136 күнде жетіліп, сою аймағына жіберіледі.

Бұл – еліміздегі Орталық Азия бойынша күркетауық етін өндіретін жалғыз фабрика. Заманауи қондырғылармен жабдықталған кәсіпорын жылына 10 мың тоннаға дейін ет өндіріп, 40 түрлі өнім шығарады. Пайдасы мол құс етінің дәмін тек қазақстандықтар ғана емес, ресейліктер мен белорустар да татып отыр. Фабрика 7 жылдан бері жұмыртқаны Канададан тасымалдап жатыр. Болашақта аналық бас санын көбейтіп, жұмыртқаны өзімізде дайындамақ. Бұл өзіндік құнға да әсер етеді.

Мұрат Тағаев, құс фабрикасының бас директоры:

— Бұл өндіріске бүгін жаңа леп, үлкен инновациялық өзгеріс енгізеді. Себебі өндірістің көлемі ұлғайып қана қоймайды, ол жерде тағы да бірнеше жұмыс орны ашылады. Экспорттың әлеуеті артады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға да үлкен ықпал жасайды.

Кәсіпорын әрі ауылдардағы құс шаруашылығымен айналысамын деген шаруаларға да қолдау білдіруге дайын. Қожалықтарға балапан не жұмыртқа беріледі. Тиісінше олардан өнімді сатып алып, одан ет дайындайды. Бұл ауылдықтарға қосымша табыс көзі болмақ. Өңірде биылдың өзінде шетелдік және жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен жалпы құны 37 млрд теңгеден асатын 17 жоба жүзеге аспақшы. Қазір оның үшеуі іске қосылған. Облыстағы өңдіріс орындары жыл басынан бері 250 млрд теңгенің өнімін өндірді.

Хикмат Раймбеков, облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының бөлім жетекшісі

— Өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері жоғары. Сондықтан біз бірінші кезекте инвесторлармен қатар отандық кәсіпкерлерге де көбірек қолдау көрсетіп отырмыз. Соның арқасында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,2%-ға өсім бар. Бұл алда одан да артады.

Өңірдегі кәсіпорындардың өнімдері бәсекеге қабілетті. Бұған дейін тамақ өнімдері алыс-жақын шетелдерден тасымалданса, енді бірқатар тауар экспортталып жатыр. Бұл кәсіпорындар мен фабрикалардағы заманауи қондырғылар мен жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде жүзгеге асып келеді.

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстарының екінші кезеңі қарқынды жүріп жатыр. Осының арқасында отандық өнім «Еуро-4» және «Еуро-5» стандартына сәйкестендірілді. Енді қара алтын одан да терең өңделетін болады.

Талғат Макуов, мұнай зауытының департамент басшысының орынбасары:

— Жұмыс аяқталған кезде зауыттың жанармай шығару жүйесі толықтай жаңғыртылады. Шығаратын өнімдеріміз халықаралық стандарттарға толық жауап беретін болады. Қазіргі таңда екінші кезең бойынша жүргізіліп жатқан құрылыстың 60%-ы бітті.

Өңірдің инвестициялық мүмкіндігін арттыру мақсатында қала мен аудандарда индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 11 арнайы аймақ ашылған. Ол жерлерде 162 жоба жүзеге асыпты. Тиісінше өнім түрі де артқан.

Дереккөз: 24.kz

Previous Post

Бүгін Үкіметте жаңа кедендік кодекс таныстырылды

Next Post

ҚР Президенті: EXPO-2017 күллі технология әлемі үшін ешкім күтпеген қуатты іс-шараға айналды

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.