• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ресейлік БАҚ: «Қазақстан ядросыз XXI ғасырдың қандай болатынын көрсетті»

23.08.2017
0

Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайлау елдің жаһандық ядролық саясатта белсенді араласуына мүмкіндік туғызады. Қазақстан билігі мәлім еткендей, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүшелік ету кезеңінде ядролық қауіпсіздік Қазақстан саясатының төрт басым бағыттарының бірі болмақ. 1980 жылдың аяғында Қазақстан ядролық қаруды таратпау саясатының көшін бастап, ядролық қаруды қолданудан бас тартты. Бүгінде бұл жағдай актуалды тақырыпқа айналған. Не болмаса қырғынға ұшырататын қаруларға қатысты нақты шешімдер қабылдайтын уақыт жетті.

Ядросыз статусты таңдау – Қазақстанның 1990 жылдардың басындағы қауіпсіздіктің геосаяси жүйесінің үйлесімсіздігінің қауіпті салдарын түсінгені деп білеміз. 1990 жылдардың екінші жартысында Қазақстан билігінің ядролық қару мәселесіне деген көңілі сейіле қоймады. Бұл ретте Назарбаевтың мына айтқанымен келісуге болады: «Өз еркімен ядролық қарудан бас тарту арқылы Қазақстан XXI ғасырдағы ядросыз мемлекеттің қандай болу керек екенін көрсетті».

«Жерімізді азапқа салған ядролық қарудың салдарынан радиация елдің миллиондаған тұрғындары мен кең байтақ даламызды улаған. Бұл жағдай бізге қауіпсіздік деген түсінікке жетеледі. Ядролық материалдар мен артық қарудан құтылу арқылы елімізде қауіпсіздік пен тұрақтылық орнады. Алайда барлық тараптардың құрылымы қауіпсіздікке бағытталмаған жағдайда қауіп толығымен сейілді деуге ерте», – дейді Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осындай геосаяси жүйесі аясында аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті орнату туралы ой алға шықты. 1993 жылы Еуразиялық одақ туралы ұсыныс айтылды, 1995 жылы Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөнінде кеңес басталды, 1997 жылы Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақтың құрылуы турасында ұсыныс айтылды. Қазақстан ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында ең маңызды элемент ретінде «Шанхай бестігі» келісімін атауға болады. Сондай-ақ мемлекет билігінің ядролық қаруды таратпау жөнінде қағидаларын мықтап ұстап, ядролық қару-жарақты болашақта ушықтырмау мәселелерін қамтамасыз ету үшін Қазақстан қосымша МАГАТЭ хаттамасына қол қойды.

Қазақстан ядролық қарусыз XXI ғасырдың қандай болатынын көрсетті

«Ядролық тығырықтан» шығатын қарапайым жол – ядролық сынаққа тыйым салу мен ядролық қарудан азат аймақ құру. Елбасының бастамалары дәл осы бағытта дамыған еді.  1993 жылы Бірінші дүниежүзілік антиядролық конгресте Нұрсұлтан Назарбаев ядролық сынақтарға мораторий қою жөнінде ұсынысын жариялаған. Сөйтіп, Астана ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа қосылды.

«Біз талқыламақ мәселелердің қатарына ядролық қаруға ие кейбір мемлекеттердің қарсылыққа төтеп беруіне байланысты ядролық қауіптің жойылуын қосуға болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев 2000 жылдың 6 қыркүйегінде. – Аймақтағы елдердің бірқатары бұл қаруды сатып алудың алдында тұр. КСРО құлаған соң, Қазақстан ядролық қарудың зор әлеуетінің иесі болып қалды. Біздің мемлекет осы арсеналдан ерікті түрде бас тартқан алғашқы ел болды. Сол себепті бүгін біз ядролық державаларды ядролық қаруды ликвидациялау жөнінде нақты қадамдарға көшуге қайта шақырамыз».

Назарбаев ядролық қарудың Орталық Азияның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін фактор емес екенін талай мәрте айтқан. «Мемлекетіміздің тәжірибесі ядролық қару мәселелерін кеңінен талқыға салуға негіз болды. Қазақстанның әмбебап тарихы Иранның ядролық мәселелер жөнінде Ресеймен, Қытаймен, АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германиямен келіссөздер өткізуіне себеп болды», – деген еді Елбасы.

Сондай-ақ алаңдаушылық туғызатын мәселе бар екенін айта кетті. Ол – қару жасайтын деңгейге дейін жеткізетін уранды байытуды жою. Сол себепті Қазақстандағы Халықаралық атом энергиясы агенттігінің бастауымен елде кез келген мемлекетте ядролық отынды жабдықтауды қамтамасыз ететін төмен байытылған уран банкі құрылды.

Аталмыш жобаның Қазақстан үшін ең пайдалы тұсы – республика қауіпсіздігін халықаралық қоғамдастықтардың бақылауының арқасында арттыру және жеке меншік ғылыми-техникалық әлеует ауқымының кеңеюі.

Ядролық қарусыздандыру мәселесі жөнінде мемлекет басшысының принципшіл позициясы қауіп-қатер сейілмей тұрған заманда керек-ақ. 2016 жылғы 31 наурызда АҚШ астанасында өткен ядролық қауіпсіздіктің төртінші саммитінде Елбасы «Әлем. XXI ғасыр» манифесін атаған.

«Барша адамзат ХХІ ғасырға жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт артты. Бірақ бүгінде бұл елесті сағымға айналуы ықтимал. Әлемге тағы да қатер төніп тұр және оның ауқымын ескермеуге болмайды. Және бұл қатер – жаһандық соғыс! Жер өркениеті, ғалымдардың есебі бойынша, 15 мыңнан астам соғысты, яғни әр жыл сайын 3 соғысты басынан өткерген. Оларда жүздеген миллион адам қаза тауып, Жер бетінен қалалар мен елдер жоғалған, мәдениеттер мен өркениеттер жойылған.

ХХІ ғасырға аяқ басқан адам баласы қиялдың өзін таңқалдыратын ғылыми жаңалықтар ашып, жаңа буын технологияларын жасап жатыр. Адамзат өз дамуының сапалы жаңа сатысына өтуде. Әлем Төртінші өнеркәсіп төңкерісінің табалдырығында тұр. Көптеген қорқынышты аурулардың тамырына балта шабылуда. Бірақ соғыс вирусы халықаралық жағдайды ушықтыруын жалғастыруда. Ол бірқатар мемлекеттерде экономиканың өлім ұрығын себетін ең қуатты саласына айналып, әскери-өнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттырып отыр», – деген Қазақстан президенті.

Назарбаевтың пікіріне сүйенсек, аталмыш құжатқа сәйкес 3 негізгі принцип бекітілген: қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі; жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар – ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылатын басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды; мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін бейбітшілік пен қауіпсіздікке тең жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына бейімделген бейбіт үнқатысулар мен сындарлы келіссөздер негіз болуы керек.

Манифест Бас Ассамблея мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесіне ие болды.

Қазақстан президентінің ғаламшардағы ядросыз әлемнің құрылуына қосқан үлесі ұшан теңіз. 2006 жылы Назарбаевты Нобель сыйлығына ұсынған. Қазақстан халықтар Ассамблеясы, пәкістандық теолог және америкалық конгрессмен Елбасын «халықтар арасындағы достық пен бейбітшілікті нығайтуға» қосқан үлесі үшін марапаттауды ұсынды.

Бірнеше ай бұрын Швейцариядағы дүниежүзілік ғылыми-зерттеу институтының директоры Алин Варе Назарбаевты кезекті Нобель сыйлығына ұсынған.

«Ядролық қарусыздандыру мәселесіне қосқан зор үлестері үшін Нұрсұлтан Назарбаевты, Кәріпбек Куюковті және Global Zero ұйымын Нобель сыйлығына ұсындым», – деп жазған еді Варе.

Дереккөз: qamshy.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы игі істер жалғасуда. Кезекті 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Ақжайық шағынауданында бой көтерген...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Үшінші мегаполисте баспана бақытына бөленгендердің қатары тағы артты. Салтанатты жиында 19 жастағы қала тұрғыны жаңа пәтерге ие болды. Қала әкімінің...

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
08.06.2026
0

Жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында 30-ға жуық экологиялық акция ұйымдастырылды. Ал тазалық жұмыстары аптасына екі рет тұрақты түрде өткізіліп келеді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.