Қазақстандық ауыр атлетші Карина Горичева Тайбаедегі Универсиадада «күміс» иемденді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
К. Горичева69 кг салмаққа дейінгі санатта шығып, жалпы 226 кг (жұлқа көтеру – 108, серпи көтеру – 118) көтеріп, екінші болды.
Бұл салмақта бірінші орынды Тайбэйялық Ван Тин Хун алды – 227 кг (97+126), үшінші орынды ҚХДР келген — Чон Ен Хю алды – 218 кг (97+121).
Еске салсақ, бұған дейін жүзгіш Дмитрий Баландин («қола»), дзюдошы Бекадил Шаймерденов («қола»), ауыр атлетшілер Арли Чонтей («қола»), Альберт Линдер («алтын») және Айдар Казовтар («алтын») медаль иемденген еді.
Дүниежүзілік жазғы Универсиада Тайбаеде 19 тамызда басталды, 30 тамызда аяқталады. Жарыс спорттың 22 түрі бойынша өтуде.
Дереккөз: kaztag.kz
Фото: Prosports.kz