• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Бүгін Үкіметте жаңа кедендік кодекс таныстырылды

23.08.2017
0

Құқықтық құжат Еуразиялық экономикалық одақ аумағында алыс-беріс пен барыс-келісті оңтайлы түрде жүргізуге бағытталған.

Сондай-ақ кедендік декларация тапсыру ісін толық автоматтандыруды көздейді. Сол арқылы еліміздің транзиттік және экспорттық әлеуеті артып, сыртқы экономикалық қызметі жақсаруы тиіс.

Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жаңа кедендік кодекс қолдану бастамасы осыдан 3 жыл бұрын көтерілді. Осы уақыт аралығында әр мемлекет тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, бизнеске қолайлы орта қалыптастыру мәселесі қызу талқыланды. Мәселен еліміз осы күнге дейін одақтың атқарушы органына 552 түзету жолдаған. Нәтижесінде, соның 65 пайызы қолдау тауып, қазақстандық тараптың мүддесі ескерілді.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

– Соңғы 3 жыл бойы Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ЕАЭО-ның жаңа Кедендік кодексін қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылғаны мәлім. Қазір ратификациялау рәсімінен өткізілуде. Одақтың жаңа кодексі күшіне енгеннен соң, елдегі басқа заңнамалар да қайта қаралды. Бұл іспен жауапты жұмыс тобы соңғы 8 айдан бері айналысып, қолданыстағы нормалардың жартысынан астамын өзгертті. Министр Сүлейменовтің айтуынша, жаңа нұсқадағы кодекс 8 бөлімнен тұрады. Онда енгізілген басты ерекшелік, кедендегі бизнес үдерістердің автоматты жүйеге көшуін көздейді.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

– Егер декларант қандай да бір себеппен кедендік баж салығы мен салықтарды төлей алмаса, бұл мерзімді мемлекет пайыз төлету жолымен 1 айға ұзарта алады. Жекелеген жағдайларда 6 айға дейін пайызсыз шегеруге болады.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

– Тауарларды декларациялау және шығару процесі автоматтандырылатын болады. Тәуекелдер болмаған жағдайда ақпараттық жүйе декларациялар бойынша шешімді санаулы минутта қабылдайтын болады. Бұл ретте, декларацияны қараудың жоғарғы мерзімі 1 жұмыс күнінен 4 сағатқа қысқартылды. Жаңа ережелердің инвесторлар үшін де пайдасы зор. Себебі олардың декларацияны тапсырғанға дейін тауарларды шығару мүмкіндігі молая түседі. Айта кетейік, бұл өзгерістер келер жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Және одақ аумағындағы жаңа кедендік кодекспен біркелкі қолданылады.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП» Басқарма төрағасы:

– Декларацияны электронды түрде тапсыру бизнеске қолайлы мүмкіндік беріп отыр. Енді 1 қаңтардан бастап барлық кеден процестері автоматты жүйеге көшеді деген сенімдеміз.

Ұлт жоспары аясында атқарылған шаруа мұнымен шектелмейді. Үкімет бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын да жеңілдетіп отыр. Сол арқылы қағазбастылық азайтылып, қазынадан қаржы бөлу үдерісі оңтайлануы тиіс.

Дереккөз: 24.kz

Previous Post

Елбасы туралы «Құрыш тұлға» атты кітап көпшілікке таныстырылды

Next Post

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты өнім сапасын «Еуро-4» және «Еуро-5» стандарттарына сәйкестендірді

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.