• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Қоныс аударушыларға конкурссыз жер беріледі

09.08.2017
0

«Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018-2022 жылдары оңтүстік облыстардан солтүстік өңірлерге 59 мың отбасы қоныс аударады деп жоспарланып отыр. Осы орайда мемлекет тарапына тиісті көмектер қарастырылады. Оның ішінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы қоныс аударушыларға тұрғын үй несиесі мен субсидияларды беру жүйесі, қоныс аударушыларға ауыл шаруашылығымен айналысу үшін өтеусіз пайдалану құқығында конкурссыз жер телімдерін беру қарастырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп, хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Біржан Нұрымбетов «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазіргі таңда қандай жұмыстар жүргізілгеніне тоқталды.

«Бүгінгі бағдарлама шеңберінде оңтүстіктен солтүстік өңірлерге 172 отбасы ерікті түрде қоныс аударды және 1279 отбасы қоныс аударуға дайын. Әрине, бұл – өте аз. Сондықтан біз Бақытжан Әбдірұлы, сіздің тапсырмаңыз бойынша бұл мәселені жеке қарадық. Талдау жасадық. Егер де аталған облыстарда ағымдағы демографиялық, көші-қон үрдістері сақталатын болса, алдағы 5 жылда ол өңірлерде экономикалық тұрғыдан қарағанда экономикалық белсенді халықтың саны 167 мыңға адамға азайып кетуі ықтимал», — деді ол.

Осы орайда вице-министр жоғарыда аталған мәселені шешу үшін арнайы жоспар құрылғанын атап өтті. Осыған орай мемлекеттік бағдарлама аясында оңтүстік өңірден солтүстікке 59 мың отбасыны көшіру жоспарланып отыр.

«Сондықтан сол 4 облыста еңбекке жарамды халық санын сақтап қалу үшін өңірлермен келісе отырып, алдағы 5 жылда кемінде 59 мың отбасының қоныс аударуын ұйымдастыру қажет деп шешілді», — деді ол.

Сонымен қатар Біржан Нұрымбетов жоспарды жүзеге асыру үшін қоныс аударушыларға мемлекет тарапынан тиісті көмек беру мәселесі қарастырылатынын алға тартты.

«Ол үшін азаматтардың ерікті қоныс аударуының қосымша ынтыландыру шараларын әзірледік. Олар — қоныс аударушыларға көші-қон шығындарын өтеуге және тұрғын үй жалдауға субсидияны сақтау, қоныс аударушылардың барлық орналасу мәселелерін шешіп, тұрақты жұмысқа орналастыру үшін дайын жұмыс берушілерге субсидия қарастыру, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы қоныс аударушыларға тұрғын үй несиесі мен субсидияларды берудің жүйесі, қоныс аударушыларға ауыл шаруашылығымен айналысу үшін өтеусіз пайдалану құқығында конкурссыз жер телімдерін беру, жаңа бизнес идеялары бар «Бастау» бизнес жобасы бойынша білім алған және кәсіпкерлер палатасының оң қорытындысына ие болған қоныс аударушыларға гранттар беру және «Серпін-2050» жобасына қатысушы түлектерді, олардың шыққан өңірлеріне қарамастан біздің бағдарламаның қатысушы құрамына енгізу», — деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ, аталған мемлекеттік бағдарламаны жүзере асыру үшін қыркүйек айында кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілетінін айтты.

«Осылайша, жобалық басқару шеңберінде біз 2018-2022 жылы ерікті түрде қоныс аударуға жоспарлаған 59 мың отбасыны аталған мемлекеттік бағдарлама бойынша қыркүйек айында әрі кейбір заңнамалық актілерге жыл соңына дейін өзгерістер енгізу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл шараларға қажетті қосымша қаражат оның ішінде 2018 жылға 73 млрд теңге толықтай есептеліп, бүгінгі қаржы министрлігімен бірге пысықталып жатыр. Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, осы ұстанымдарды қолдауларыңызды сұраймыз», — деп түйіндеді сөзін Біржан Нұрымбетов.

Дереккөз: Baq.kz

Previous Post

Жансейіт Түймебаев қаладағы жол құрылыс нысандарын аралап жүр

Next Post

Елбасы: санкциялардың Қазақстанға әсер етуі ықтимал

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.