• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Елбасы: санкциялардың Қазақстанға әсер етуі ықтимал

09.08.2017
0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың сайты.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің экономикалық даму көрсеткіштері өсіп келе жатқанын айтып, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды одан әрі іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

«Менің тапсырмам бойынша еліміздің бірнеше өңірін аралап шықтыңыз. Жалпы, тұрақты ахуал байқалуда. Алдымызда егін ору науқаны тұр. Оны тиісті деңгейде жүргізуіміз қажет», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаевқа 7 айдың қорытындысы бойынша экономиканың даму барысы және бағдарламалардың аралық нәтижелері жөнінде мәлімделді.

«Экономикалық өсім 4,2%-ды құрап отыр. Өндіріс саласындағы көрсеткіштер мұнай өңдеу деңгейі төмендеген Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан басқа еліміздің барлық өңірінде 100 пайыздық мөлшерден асты. Біз қазіргі уақытта бұл өңірлерге жаңа резерв көздерін жұмылдыру мәселесі бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Негізгі капиталға инвестиция тарту мәселесі жөнінде. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 3,7% өсім байқалуда. Барлық өңірлерде көрсеткіштер жақсы. Инфляция деңгейі биылғы маусым айымен салыстырғанда 0,1%-ға өсті. Азық-түлік бағасы 0,5%-ға төмендегенін атап өткім келеді. Жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрап отыр», – деп баяндады Сағынтаев.

Сонымен қатар, Премьер-Министр индустрияландыру бағдарламасының іске асырылуы жөнінде есеп берді. Оның аясында биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 31 жоба іске қосылды. Б.Сағынтаевтың мәліметіне сәйкес, екінші тоқсанда жаңа 10 мың жұмыс орнын қамтитын 100 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

«Экономиканың өсуіне «Нұрлы жол» бағдарламасының іске асырылуы зор үлес қосып отыр. Биыл автомобиль жолдарының құрылысына 356 миллиард теңге қарастырылған. Сондай-ақ, қазір 600 шақырым жол іске қосылды. Жыл соңына дейін 469 шақырым жол ақылы болмақ. Алғаш рет осындай жүйеге қосылған «Астана-Бурабай» тас жолы жылына 1,5 миллиард теңгеге дейін пайда әкеліп, оның құрылысына жұмсалған қаражатты ақтап отыр. Қазір «Астана-Теміртау» тас жолын осы жүйеге қосу жұмыстары жүргізілуде», – деді премьер-министр.

Сондай-ақ, Сағынтаев «Нұрлы жер» бағдарламасының орындалу нәтижелері туралы баяндады. Оның аясында биыл 10,2 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Премьер-Министрдің мәліметіне сәйкес, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 5,5 млн шаршы метрді қамтитын құрылыс жұмыстары аяқталған.

Мемлекет басшысына ауыл шаруашылығындағы бағдарламалардың іске асырылуы туралы есеп беріліп, ел экономикасын несиелендіру жөнінде мәлімет ұсынылды.

Соңында Қазақстан Президенті Үкімет пен әкімдердің алдына қойылған міндеттерді орындауды жалғастыруды тапсырып, бұл ретте өсімнің оң қарқынын сақтаудың және бөлінген қаражатты игерудің маңыздылығына тоқталды.

«Үкімет қызу жұмыс жүргізіп отыр деп есептеймін. Мен жылды жақсы нәтижелермен қорытындылау үшін бәріңізді ұйымшылдықпен жұмыс істеуге шақырамын. Тәуекелді тұстар да жоқ емес. Энергия тасымалдаушыларымызға, шикізат өнімдеріне деген бағаның өзгерісі. Бәлкім, батыстың Ресейге қатысты санкциялары әсер етер. Осыны ескеру қажет», – деді Елбасы.

Дереккөз: sputniknews.kz

Previous Post

Қоныс аударушыларға конкурссыз жер беріледі

Next Post

Ресейге қарсы санкциялар Қазақстан экономикасына әсер етпейді — Ұлттық экономика министрі

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.