Жарты жылда Қазақстанда жалған ақша жасаушылық фактісі бойынша 200-ге жуық қылмыс тіркелген, деп хабарлады қаржы министрлігінің мемкіріс комитетінің профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы Арман Есембаев.
«Экономикалық тексеру қызметі 6 айда жалған ақша жасау фактісі бойынша 191 қылмысты тіркеген. Есепті кезеңде заңсыз айналымнан жалпы 986 600 сомаға 571 жалған теңге купюрасы тәркіленді. Сонымен қатар, жалпы $1700 жалған доллар купюросы, 1200 сома үш еуро купюросы, 12 мың сома тоғыз Ресей рублі тәркіленді», — деді бейсенбіде 2017 жылдың І жартыжылдығындағы ЭТК жұмысының қорытындысы бойынша брифингте А.Есембааев.
Оның айтуынша, жақында Ақтөбе облысында жүргізілген тергеу шаралары барысында жалған ақша купюросын жасаушылар мен сатушылар тобы анықталды.
«Бұған дейін сотталған Б.есімді азамат сериялары мен нөмірі әр түрлі 5 мың теңгелік жалған банкноттарды принтерлер арқылы шығарып отырған. Жалған ақшалар Орал және Ақтөбе қалаларының аумағында қолданылған. Жалған ақшаларды сатумен айналысқан топ бес жылдан жоғары мерзімге сотталған, ал жоғарыдағы азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», — деді А.Есембаев.
Дереккөз: kaztag.kz