Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікте мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және бизнес қауымдастық өкілдерінің қатысуымен ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау салаларында жүргізілген жұмыстың нәтижелерін қорытындылау бойынша бейнеконференцбайланыс арқылы кеңес өтті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының Орынбасары Алик Шпекбаев кеңесті аша отырып, Қазақстан Doing Business – 2017 халықаралық рйтингте 35 орынды иеленіп, іскерлік ортаны жақсарту бойынша бұрын-сонды болмаған шаралар қабылдағанын атап өтті. Алайда, сауалнамалар нәтижелері бойынша компаниялардың айтарлықтай саны әлі күнге дейін әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бизнес жүргізудің ауыр салмағы деп санайды.
Оның айтуынша, бұл бірінші кезекте нұсқамаларда көрсетілген орындалмайтын міндетті талаптардың және әкімшілік рәсімдердің көп болуымен байланысты. Олардың қатарына ветеринариялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау салалары жатады.
Осыған растау ретінде қорытындысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызмет сыбайлас жемқорлық схемалардың жоғары жиілігі байқалатын мемлекеттік органдардың үштігіне жатқызылған «Атамекен» ҰКП тапсырысы бойынша Экономикалық зерттеулер институтымен жүргізілген «Іскерлік климат-2016» әлеуметтік зерттеудің нәтижесі болып табылады.
Оны құқықтық статистика дәлелдейді. Оған сәйкес аталған салада тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың саны өсуде. Осылайша, 2016 жылы олардың жалпы саны 12 іс болса, ал 2017 жылдың тек бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 14 фактінін тіркелуі сыбайлас жемқорлықтың айтарлықтай өскенін көрсетеді.
Ұқсас жағдай ветеринарлық бақылау саласында орын алды. Мәселен, 2016 жылы осы саланың лауазымды тұлғаларына қатысты 31 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелді, өз кезегінде, ағымдағы жылдың тек 1-жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық істердің саны 27 құрады.
Кеңеске қатысушылармен келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар болуы туралы атап өтілді:
ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау салаларын реттейтін нормативтік құқықтық актілер арасында қарама-қайшылықтар мен олқылықтар;
тексеріс қорытындылары бойынша нұсқамаларда көрсетілген бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерінің болмауы;
нақты орындалмайтын міндетті талаптарды немесе әкімшілік рәсімдерді ұсыну (Алматы қ. тексеру нәтижелері бойынша кәсіпкерге қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы мен оның орналасқан аумағы Алматы жылу желілері ЖШС – табиғи монополия субъектісімен қызмет көрсетілмейтіндігіне қарамастан орталық ыстық су жүйесімен қамтамасыз ету туралы тиісті нұсқама шығарылды);
тексерілетін объекті қызметінің сипаттамасы және ерекшелігі бойынша тексеру парақтарының ара жігін анық ажыратудың болмауы (теміржол, су, әуе, емдеу-алдын алу мекемелері, сумен жабдықтау объектілері және т. б.).
Бұл ретте, сондай-ақ осы салалардағы мүдделер қақтығысы фактілерінің жиі туындауы атап өтілді.
Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бірігу тұрғысында талдау барысында Жезқазған қалалық ветеринариялық станцияда мүдделер қақтығысы анықталды. Оның директоры «Ветсервис» ЖШС-мен 2015-2017 жылдарға жалпы сомасы 17 млн. тенгеден астам ветеринариялық препараттарды жеткізу бойынша шарт жасасты. Алайда, аталаған ЖШС-тің басшысы аффилиирленген тұлға (жұбайының анасы) болып шықты.
Сонымен қатар, талдау Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімінің басшысы бөлімінің сектор меңгерушісі болып табылатын бұрынғы жұбайына қатысты лауазымы бойынша жылжыту және сыйақы түрінде бірнеше рет артықшылықтар көрсеткенін анықтады.
Сонымен бірге, аталған салаларда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бөлігінде көп сұрақтар туындады.
Осылайша, талдау Ауыл шаруашылығы министрлігінің 7 мемлекеттік қызмет көрсетулерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсете отырып қызмет алушымен тікелей қатынасты жою мүмкіндігі бар екенін анықтады.
Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметшілерімен жеке өзіне артықшылықтар алу мақсатында қолданылуы мүмкін министрліктің 3 мемлекеттік қызмет көрсетулерінде дискреттік өкілеттіктер бар.
Кеңес қорытындысы бойынша Агенттікпен 49 ұсынымдар әзірленді, оның 55% нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жоюға бағытталған болса, ал 45% — ұйымдастырушылық-басқару қызметте.
Жалпы, Агенттік басшысының орынбасары Агенттіктің аумақтық департаменттерімен және өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен атқарылған жұмысты қорытындылай келе, уәкілетті орган енгізілген ұсыныстардың орындалуын кейін министрліктерге және комитеттерге шығу арқылы бақылайтынын атап өтті..
Дереккөз: kaztag.kz