Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ЖАС ТАЛАНТТАРДЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ
    Айғақ TV

    ЖАС ТАЛАНТТАРДЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа14.05.2026Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Саз колледжінің студенттері халықаралық және республикалық байқауларда топ жарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Жас өнерпаздар түрлі шығармашылық додаларда жүлделі орындарды иеленіп, оқу орнының мерейін үстем етті. Дарынды студенттердің жетістігі — жүйелі білім мен шығармашылық ізденістің жемісі. Өнер мен білімді қатар ұштастырған жастардың жеңісі — ел мәдениетінің жарқын келешегінің көрінісі.

      Үшінші мегаполистегі  Саз колледжінде студенттердің халықаралық және республикалық байқаулардағы жетістіктеріне арналған баспасөз конференциясы өтті. Биылғы көктем колледж жастары үшін табысты маусым болды. Студенттер беделді өнер додаларында кәсіби шеберліктерін дәлелдеп, көптеген жүлделі орындарды иеленді. Әсіресе республикалық жас орындаушылар конкурсында жоғары нәтижелер көрсетілді. Бұл жетістіктер білім ордасындағы сапалы білім мен шығармашылық еңбектің айқын дәлелі.

    Шығармашылықпен қатар колледж студенттері әдеби-мәдени және қоғамдық бағыттағы сайыстарда да белсенділік танытып келеді. Мемлекеттік тіл, поэзия, көркемсөз оқу және ұлттық спорт салаларында да жоғары марапаттарға ие болды. Биылғы байқаулар қорытындысында бас жүлде мен ондаған жүлделі орындар колледж қоржынына түсті. Сондай-ақ студенттердің бірі Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын иеленді.

    Колледж студенттері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өткен XVIII Кіші олимпиадада да үздіктер қатарынан көрінді. Байқау қорытындысы бойынша бірнеше І, ІІ, ІІІ орындар мен арнайы дипломдар жеңіп алынды. Сонымен қатар жас таланттар «Accordion fest», «Жас Екпін», «Күй басы» және «TURAN DANCE» сынды халықаралық және республикалық байқауларда сәтті өнер көрсетті. Колледж ұжымы дарынды студенттердің әр жетістігін зор мақтанышпен атап өтті.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.