• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Ақпан 7, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚР санэпидемқызметі сыбайлас жемқорлығы ең жоғарғы меморгандар тізімінің үштігіне енді

07.08.2017
0

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікте мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және бизнес қауымдастық өкілдерінің қатысуымен ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау салаларында жүргізілген жұмыстың нәтижелерін қорытындылау бойынша бейнеконференцбайланыс арқылы кеңес өтті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының Орынбасары Алик Шпекбаев кеңесті аша отырып, Қазақстан Doing Business – 2017 халықаралық рйтингте 35 орынды иеленіп,  іскерлік ортаны жақсарту бойынша бұрын-сонды болмаған шаралар қабылдағанын атап өтті. Алайда, сауалнамалар нәтижелері бойынша компаниялардың айтарлықтай саны әлі күнге дейін әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бизнес жүргізудің ауыр салмағы деп санайды.

Оның айтуынша, бұл бірінші кезекте нұсқамаларда көрсетілген орындалмайтын міндетті талаптардың және әкімшілік рәсімдердің көп болуымен байланысты. Олардың қатарына ветеринариялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау салалары жатады.
Осыған растау ретінде қорытындысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызмет сыбайлас жемқорлық схемалардың жоғары жиілігі байқалатын мемлекеттік органдардың үштігіне жатқызылған «Атамекен» ҰКП тапсырысы бойынша Экономикалық зерттеулер институтымен жүргізілген «Іскерлік климат-2016» әлеуметтік зерттеудің нәтижесі болып табылады.
Оны  құқықтық статистика дәлелдейді. Оған сәйкес аталған салада тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың саны өсуде.  Осылайша, 2016 жылы олардың жалпы саны 12 іс болса, ал 2017 жылдың тек бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 14 фактінін тіркелуі сыбайлас жемқорлықтың айтарлықтай өскенін көрсетеді.

Ұқсас жағдай ветеринарлық бақылау саласында орын алды. Мәселен, 2016 жылы осы саланың лауазымды тұлғаларына қатысты 31 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелді, өз кезегінде, ағымдағы жылдың тек 1-жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық істердің саны 27 құрады.

Кеңеске қатысушылармен келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің  бар болуы туралы атап өтілді:
ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау салаларын реттейтін нормативтік құқықтық актілер арасында қарама-қайшылықтар мен олқылықтар;

тексеріс қорытындылары бойынша нұсқамаларда көрсетілген бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерінің болмауы;
нақты орындалмайтын міндетті талаптарды немесе әкімшілік рәсімдерді ұсыну (Алматы қ. тексеру нәтижелері бойынша кәсіпкерге қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы мен оның орналасқан аумағы Алматы жылу желілері ЖШС – табиғи монополия субъектісімен қызмет көрсетілмейтіндігіне қарамастан орталық ыстық су жүйесімен қамтамасыз ету туралы тиісті нұсқама шығарылды);

тексерілетін объекті қызметінің  сипаттамасы және ерекшелігі бойынша  тексеру парақтарының  ара жігін анық ажыратудың болмауы (теміржол, су, әуе, емдеу-алдын алу мекемелері, сумен жабдықтау объектілері және т. б.).

Бұл ретте, сондай-ақ осы салалардағы мүдделер қақтығысы фактілерінің жиі туындауы атап өтілді.

Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бірігу тұрғысында талдау барысында Жезқазған қалалық ветеринариялық станцияда мүдделер қақтығысы анықталды. Оның директоры «Ветсервис» ЖШС-мен 2015-2017 жылдарға жалпы сомасы 17 млн. тенгеден астам ветеринариялық препараттарды жеткізу бойынша шарт жасасты. Алайда, аталаған ЖШС-тің басшысы аффилиирленген тұлға (жұбайының анасы) болып шықты.

Сонымен қатар, талдау Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімінің басшысы бөлімінің сектор меңгерушісі болып табылатын бұрынғы жұбайына қатысты лауазымы бойынша жылжыту және сыйақы түрінде бірнеше рет артықшылықтар көрсеткенін анықтады.
Сонымен бірге, аталған салаларда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бөлігінде көп сұрақтар туындады.

Осылайша, талдау Ауыл шаруашылығы министрлігінің 7 мемлекеттік қызмет көрсетулерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсете отырып қызмет алушымен тікелей қатынасты жою мүмкіндігі бар екенін анықтады.
Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметшілерімен жеке өзіне артықшылықтар алу мақсатында қолданылуы мүмкін министрліктің 3 мемлекеттік қызмет көрсетулерінде дискреттік өкілеттіктер бар.

Кеңес қорытындысы бойынша Агенттікпен 49 ұсынымдар әзірленді, оның 55% нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жоюға бағытталған болса, ал 45% — ұйымдастырушылық-басқару қызметте.

Жалпы, Агенттік басшысының орынбасары Агенттіктің аумақтық департаменттерімен және өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен атқарылған жұмысты қорытындылай келе, уәкілетті орган енгізілген ұсыныстардың орындалуын кейін министрліктерге және комитеттерге шығу арқылы бақылайтынын атап өтті..

Дереккөз: kaztag.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»

ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»

Айғақ медиа
06.02.2026
0

Сәрсенбі күні, 4 ақпанда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Сатыбалды Дәулеталиннің жетекшілігімен Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылау...

ТӘТТІГҮЛ ТАЛАЕВА  “ПАРАСАТ” ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ТӘТТІГҮЛ ТАЛАЕВА “ПАРАСАТ” ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
21.01.2026
0

Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік марапаты – «Парасат» орденімен марапатталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт...

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.