• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Жоғарғы Сот 2017 жылғы бірінші жартыжылдықтағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларын шығарды

21.07.2017
0

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми 2017 жылғы бірінші жартыжылдықтағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындыларына арналған республика судьяларының кеңейтілген кеңесін өткізді.

Іс-шараға Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Анатолий Смолин, Президент Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі Әлия Рақышева, Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен судьялары, облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, сондай-ақ Департамент пен оның аумақтық және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Кеңес жұмысын аша келе, Қ.Мәми заң үстемдігін қамтамасыз ету жұмысының негізгі қорытындыларын мәлімдеді. Атап айтқанда, ол Ұлт Жоспары шеңберінде жүргізілген реформалардың сот төрелігін жүзеге асырудың тиімділігіне оң ықпал еткенін атап өтті. Айталық, есепті кезеңде соттарда азаматтық істерді қарау мерзімі екі есеге қысқарды. Істердің 62,5 пайызы жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде қаралуда. Сот бұйрығы, дауларды шешудің баламалы тәсілдері және медиация тәртібінде қаралған істер саны едәуір артты. Келісімдік тәртіптегі қылмыстық істер саны 43 пайызға, қысқартылған негіздегі істер саны 3,5 есеге артты.

Жаңа ереже бойынша 191 судья іріктелді. 140 судьяның кәсіби қызметі бағаланды. Жалпы алғанда, судьялар корпусы өздерінің кәсіби біліктіліктерін растады.

Бұдан әрі кеңесте Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен күн тәртібіне сәйкес басқа да спикерлер сөз сөйледі. Е.Әбдіқадыров меншік құқығын қорғау, соның ішінде, мыңдаған азаматтың мүддесін қозғайтын банктік және тұрғын үй заңнамасына өзгерістер енгізу бағытындағы соттардың жұмысы туралы айтты. А.Рахметулин өз баяндамасында бүгінде сотқа дейінгі іс жүргізу органдарының дәлелдемелерді жинақтау мен бекіту бойынша қылмыстық-процестік заң талаптарының бұзылуына байланысты соттардың ақтау практикасын күшейту қажеттігін атап өтті. А.Қыдырбаева Жоғарғы Сотқа тараптардың бірі шетелдік инвестор болып табылатын 30 іс апелляция тәртібінде түскендігін мәлімдеді. Өтініштердің басым бөлігі құзырлы мемлекеттік органдардың салық, экология, энергетика және т.б. салалар бойынша шешімдері мен әрекеттерін даулаумен байланысты.

Департамент басшысы Н.Шәріпов соттардың материалдық-техникалық жарақтандырылуы мен электронды сот төрелігі туралы айтты. Ағымдағы жылы Қарағанды облыстық соты мен үш аудандық сот ғимаратының құрылысы басталды. Жаңа технологияларды қолданудың үлесі айтарлықтай артуда. Мәселен, барлық келіп түскен өтініштер қатарындағы электронды түрде берілгендерінің үлес салмағы 89,8 пайызды құрайды.

Бұған қоса, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.Смолин, Сот Жюриінің төрағасы Моряк Шегенов, Сот төрелігі академиясының ректоры Төлеш Қаудыров, бірқатар облыстық соттардың төрағалары сөз сөйледі.

Кеңес жұмысын қорыта келе, Қ.Мәми жаңартылған заңнама жағдайындағы сот жүйесі қызметінің кейбір мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда, ол судьялыққа кандидаттардың жас шектелімінің 30 жасқа дейін артқаны, судьялық лауазымдарға жарияланған конкурс қатысушыларының жалпы отырыс қорытындысын алуы мен Сот Жюриі шешімінің өзгеру тәртібін еске салды.

Жоғарғы Сот Төрағасы қылмыстық процесті кезең-кезеңімен жаңғырту мен сотта өкілдік ету институтын кешенді жетілдірудің келешек бағыттарын айқындап берді. Тұрғындардың соттарға сенім деңгейінің артқаны атап өтілді. Мәселен, Демократия институтының деректеріне сәйкес, соңғы 6 жылда Жоғарғы Сотқа сенім деңгейі 67,6 %-дан (2010 жыл) 75,4 %-ға дейін (2016 жыл) артқан.

Қ.Мәми алдағы бірқатар басым міндеттерді айқындады. Солардың қатарында сот әкімшілігін реформалау, судьялық кадрларды дұрыс іріктеу және біліктілігін арттыру, судьялардың жүктемесін азайту, сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу, сондай-ақ, тұрғындардың соттарға деген сенімін арттыру бойынша жүйелі жұмысты атап өтуге болады.

Жоғарғы Сот Төрағасы бірыңғай сот практикасын қалыптастырудың маңыздығын айта келе, алғашқы жартыжылдықта Жоғарғы Соттың 6 нормативтік қаулысы қабылданғанын және бұл бағыттың одан әрі күшейе түсетіндігін атап өтті. Жекелей алғанда, ол соттардың ғана емес, өзге де мемлекеттік органдардың бірқатар негізгі мәселелерін шешуді көздейтін «Болашақтың соты» атты жаңа жобаны іске асыру қажеттігін атап өтті. Қ.Мәми банктік несие, қарыз беру, кеңсежайды жалға алу, коммуналдық қызметтермен байланысты істер бойынша бұйрықтық іс жүргізу институтын кеңінен қолдануды тапсырды. Еліміздегі Жоғары Сот Кеңесі төрағасының өкіміне сәйкес Алматы мен Астана соттарында нотариалдық жазба институтын қолдану аясын кеңейтудің пилоттық жобасы іске асырылатын болады. Ахуалдық орталықты құру жұмысы да аяқталуға жақын. Ол соттар жұмысына мониторинг жүргізудің талдамалық мүмкіндіктерін неғұрлым арттырады деп күтілуде.

Қ.Мәми сөз соңында барлық судьяларды соттар қызметін одан әрі жақсарту жұмысына белсене қатысуға шақырды. Ол алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін қажеттінің барлығы бар екендігіне сенім білдірді.

Кеңес жұмысының соңында «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жамбыл облысы Тараз қаласы №2 аудандық соты 1-орынды, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2-орынды, Солтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мен Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық соты үшінші орынды иеленді.

ҚазТАГ

Previous Post

Зейнетақы жинағындағы қаражатты мұраға қалдыруға болады

Next Post

«Көне Түркістан» концепциясы 3 кезеңде жүзеге асырылатын болады

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.