• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

«Көне Түркістан» концепциясы 3 кезеңде жүзеге асырылатын болады

21.07.2017
0

Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде дамыту үшін әзірленген  «Көне Түркістан» концепциясы 3 кезеңде жүзеге асырылатын болады.  Көне шаһардың 99,6 гектар жер аумағын қамтитын концепцияның басты бағыттарының бірі – туристік индустрияны дамыту болып белгіленіп отыр.  Бүгін бұл туралы аймақтық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсірбаев мәлім етті.

Қала басшысының айтуынша,  Түркістанға биылғы жылдың 6 айында 678 683 турист келіп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда  92 мың 291 адамға артқан.  Туристерден түскен  табыс 1 млрд. 496,5 млн. теңгені құрапты.

«Қазір «Көне Түркістан» концепциясының алғашқы кезеңін іске асыру мақсатында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қарсы бетінде орналасқан 12,8 гектар жер аумағында бұзылуға жататын 129 тұрғын үйді мемлекеттік қажеттілікке сатып алу үшін бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сатып алу шаралары  заң талаптарына сай іске асырылатын болады. Бұл жобаның жалпы құны шамамен — 7 850,6 млн. теңгені құрайды. Оның ішінде – 1 290 млн. теңге 129 үйді сатып алуға, 800,0 млн. теңге инфрақұрылымға қаралған», — деді Әліпбек Шәріпбекұлы.

Сондай-ақ қаланың оңтүстік шығыс бетіндегі 45,0 гектар жер аумағына этносаябақ салу жоспарлануда. Этносаябақта ұлттық нақыштағы ойын-сауық орындары, ұлттық тағамдар мен сусындар ұсынатын нысандар, ашық аспан астындағы демалыс орындары мен киіз үйлер орналасатын болады. Осы этносаябақта туристерге орта ғасырлық көшелердің көріністерімен сол кездің мәдениетін тамашалай алатындай мүмкіндіктер жасалады. Сонымен қатар, облысымыздағы тарихи-мәдени ескерткіштер жөнінде мағлұмат беретін ашық аспан астындағы макеттер орналастырылады. Саябақта ескі тарихи көлшік қайта қалпына келтіріледі.

Ал, үшінші кезеңде орталық Есімхан алаңымен Әмір Темір көшесі аралығында С.Қожанов, Байбұрт көшесі, жаяу жүргіншілер арбатты қайта жарақтандырып, жаңалау жоспарда бар.

Бұдан бөлек, қаладағы табиғи қорды пайдаланып емдік-сауықтыру туризмін дамыту көзделуде.  Өйткені Түркістан қаласы аумағында жер асты термалды су жүйелерінің мол қоры бар.  Осы су көздерінің қатарында құрамы «Трусковец» (Украина), «Витаутас» (Литва) және Ново-Ижевская (Удмуртия) емдік  жер асты суларына теңдес «Шипа-су» шипажайы орналасқан.  Бүгінгі таңда шипажай басшысымен келісіп, мекеменің жұмысын жандандыру үшін тиісті шаралар жүргізілуде.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Жоғарғы Сот 2017 жылғы бірінші жартыжылдықтағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларын шығарды

Next Post

Екіжақты ынтымақтастықтың белсенділігін арттыру шараларын қарастыратын Хаттамаға қол қойды

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.