• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы кәсіби сержанттар корпусына үміткерлерді қабылдайтыны туралы хабарлайды

19.07.2017
0

Биылғы жылы оқу орны мотоатқыш, десанттық-шабуылдау әскерлері және әскери барлау мамандықтары бойынша оқыту үшін кадеттерді оқуға қабылдауға әзір, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің ресми сайты. Жыл сайын орташа есеппен алғанда 1 500 жас қазақстандық оқуға құжаттарын тапсырады. Кадет корпусына 17 жастан кіші емес және 25 жастан аспаған азаматтар қабылданады. Кадет корпусына оқуға түсуге ниет білдіргендер тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарында медициналық куәландырудан өтеді. Әрі қарайғы кезеңдер алдын ала медициналық куәландыру, алдын ала кәсіптік-психологиялық іріктеу, дене дайындығын тексеру, түпкілікті медициналық куәландыру және түбегейлі кәсіби-психологиялық іріктеу. Содан кейін конкурстық іріктеу және кандидаттардың оқуға түсуі тікелей Кадет корпусында жүзеге асырылады. Қабылдаудың әрбір кезеңінен өтуге бір-ақ рет рұқсат етіледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді. Барлық кезеңдер шілденің 20-ы мен ағымдағы жылғы тамыздың ортасына дейін өткізіледі. Қабылдау кезеңінде оқуға түсушілер Кадет корпусының аумағында орналасады және тамақпен қамтамасыз етіледі. Жалпы оқу мерзімі 1 жыл 10 айды құрайтынын айта кеткен жөн. Бұл уақыт ішінде кадеттер теория және іс жүзінде әскери ғылымның қыр-сырын меңгеріп, техникалық және кәсіби білім алады. Бұл колледж деңгейіне сәйкес келеді және оларға «әскери басқарудың кіші маманы (менеджер), «В», «С» санатындағы жүргізуші және 3-сыныпты ЖӘЖМ механик-жүргізушісі біліктілігі беріледі. Оқыту аяқталғаннан кейін әрқайсысымен 10 күнтізбелік жылға сержанттар құрамы лауазымында әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасалады, Одан кейін кадеттер әскери бөлімдерге бөлімше командирлері лауазымдарына таратылады. Алған білімдері жас сержанттардың бөлімшелерді басқарудағы сенімділігін арттырады. Бұл әскери бөлімдердегі әрі қарайғы қызметтеріне қолайлы ықпал етеді және бөлімше командирінен бастап Қарулы Күштердің бас сержантына дейін қызметтік мансап бойынша көтерілуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ мемлекет тарапынан барлық әскери қызметшілерге әлеуметтік қолдау қарастырылған. Бүгінде Кадет корпусы кәсіби сержанттарды дайындаудағы негізгі білім ошағы болып табылады. Кадет корпусының түлектері Қарулы Күштерде болсын, өзге де әлеуетті құрылымдарда болсын қызметтерін ойдағыдай өткеруде. 1996 жылдан бастап Кадет корпусы барлығы 2800-ден аса кәсіпқой сержантты дайындап шығарды. Оқуға қабылдау ережелері туралы толыққанды ақпаратты www.mod.gov.kz сілтемесі арқылы ҚР Қорғаныс министрлігінің («Білім беру» тарауы) алуға болады.

ҚазТАГ

Previous Post

ҚР президенті әкімшілігінің жетекшісі Жақсыбековтың өкілеттігі ұзартылды

Next Post

Бюджет қаражаттарын пайдаланудың және қаржылық бақылаудың тиімділігін арттыру маңызды

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.