• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Бюджет қаражаттарын пайдаланудың және қаржылық бақылаудың тиімділігін арттыру маңызды

19.07.2017
0

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ОҚО департаменті №1 мемлекеттік сектордың аудиті бөлімінің басшысы  Абай Жанзақұлы Алибековпен «Айғақ» телеарнасының «Бетпе-бет» бағдарламасында төмендегі мәселелер бойынша сұхбаттасқан болатынбыз.

  1. Сұрақ: Қаржылық бақылау жүргізу Қазақстан Республикасының қандай заңнамалық актілермен реттеледі немесе қадағаланады?

 Жауап: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» №392-V ҚРЗ Заңымен реттеледі.

  1. Сұрақ: Мемлекеттік аудит немесе қаржылық бақылау шаралары туралы қысқаша түсінік беріп кетсеңіз!

 Жауап: Бұл өз кезегінде бақылау жұмыстарының сапалы да нәтижелі жүргізілуіне және бақылаумен анықталған зияндар мен залалдардың мемлекеттің бюджетіне толық қайтарылуына, заңнамалар мен нормативтік актілер талаптарының  сақталмауын жою және олардың алдын алу, бюджет қаражаттарының тиімді және мақсатты жұмсалу шараларын жүзеге асыруға, бақылау органдарының мақсаты мен міндеттерін, өкілеттілігі мен қызмет аясын және құзырларын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.

  1. Сұрақ: ОҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, №1 мемлекеттік сектордың аудиті бөлімінің 2017 жылдың І- жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы айтып кетсеңіз!

Жауап: №1 мемлекеттік сектордың аудиті бөлімінің 2017 жылдың І- жартыжылдығында атқарылған жұмыстары бойынша 86 аудиторлық шаралар жүргізіліп, нәтижесінде жалпы 29 061 846,1 мың теңге бұзушылықтар анықталған. Анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы аудит объектілеріне 67 нұсқама, ал құқық органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін 2 аудит материалдары жолданған. Әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа жол берген азаматтық қызметкерлерге 5 әкімшілік іс қозғалып, 1 млн 317,0 мың теңге айыппұл өндірілген. Сонымен қатар, 129 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.     

  1. Сұрақ: Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын органдар жайлы айта кетсеңіз!

 Жауап:

  • мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылатын Есеп комитеті;
  • облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары (бұдан әрі – тексеру комиссиялары);
  • ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері;
  • көзделген штат саны шеңберінде бірінші басшының қалауы бойынша құрылатын орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының ішкі аудит қызметтері құрайды.
  1. Сұрақ: Қаржылық бұзушылықтардың алдын алу және оларды азайту бойынша қандай әрекеттер жасалу керек деп санайсыз?

 Жауап: Жалпы бюджет қаражаттарын игеруде жіберілетін кемшіліктер  экономикамыздағы жүргізіліп жатқан  өзгерістер мен реформаларға байланысты өздерінің мазмұны мен түрлерін өзгертіп отырады. Осыған байланысты бақылау іс-шараларының тәсілдері мен әдістерінде тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп олардың тиімділігін қамтамасыз ету және жолсыздықтардың алдын алу шараларын жасау өте маңызды.

  1. Сұрақ: Бақылау іс-шараларының  нәтижелілігін арттырудың тиімді жолын қалай түсіндірер едіңіз?

 Жауап: Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, бақылау іс-шараларының  нәтижелілігін арттырудың тиімді жолының бірі елімізде мемлекеттік аудиттің кешенді жүйесін құру болып табылады. Бұл жүйе мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі мен қаржыны жұмсаудың заңдылығы, үнемділігі мен тиімділігі, бюджет қаражаты мен  мемлекет активтерінің пайдалануы туралы объективті әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз етудің дұрыс жолы болып табылады.

  1. Сұрақ: Бюджет қаражаттарының жұмсалуындағы кемшіліктер қандай себептерден туындайды?

 Жауап: Бюджет қаражаттарының жұмсалуындағы кемшіліктерге олардың жылдың қорытындысында толық игерілмеуін жатқызуға болады. Бюджет қаражаттарының игерілмеуінің негізгі себептері мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің, яғни тиісті құжаттардың дайын болмауынан және өз уақытында өткізілмеуінен.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан: Салтанат Тойболова

Previous Post

ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы кәсіби сержанттар корпусына үміткерлерді қабылдайтыны туралы хабарлайды

Next Post

ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі Жақсыбековтің өкілеттігі ұзартылды

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.