• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Ресей-Қазақстан-Қытай» үштігі: Мемлекет мүддесін қорғау оңай емес

30.05.2017
0

ҚазАқпарат — Ресей мен Қытай сияқты екі алып державаның ортасында орналасқан Қазақстан үшін сыртқы экономикалық байланыстарды жүргізу, ортақ жобалардың тиімділігін дәлелдеу, жалпы өз саясатын мойындату оңай емес. Еуропаға шығу үшін теріскейдегі көршінің көңілін табу қажет. Ал үлкен мұхитқа жету үшін Қытайдың да тілін таба білген жөн. Бір жаққа қарай ығысып кетуге де болмайды. Себебі оның арты саяси байланыстарға ғана емес, экономикалық қарым-қатынасқа да кері әсерін тигізуі әбден мүмкін.

Осы орайда біраз сұрақтар да туындайды. Қазақстан мен Қытайдың қазіргі ортақ жобаларына көрші Ресей қалай қарайды? Қытай үшін Қазақстан тиімді ме, Ресей ме? Ал Ресей үшін ше? Күншығыс елінің қаржысын тартамыз деп, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екі мемлекет әріптес емес, бәсекелес болып кетпей ме? Экономикадан бұрын қоғамның санасы қытайлық өндірістердің ашылуына дайын ба? Қазақстан ғана емес, Ресейдің өзі «қытайлық қатер» психологиясынан арыла ала ма? «Қазақстан — Ресей» сарапшылар форумына келген мамандар осы мәселелердің төңірегінде ой қозғаған еді.

Қазақстан қытайлық менеджментті меңгерсе — ұтылмайды

Ашығын айту керек, бүгінде Қазақстан мен Қытай арасында саяси диалог қана емес, экономикалық байланыстар да күшейіп келеді. Сөз жоқ, оған «Нұрлы жол» бағдарламасын Қытайдың «Бір белдеу — бір жол» бастамасымен шебер ұштастыра білуіміз де өз ықпалын тигізді. Осының арқасында ортақ жобалар қолға алынып, алпауыт мемлекеттің қыруар қаржысын ел экономикасына тартуға мүмкіндік туды. «Былайша айтқанда, ортақ жұмыстың идеологиялық бір мәні пайда болды. Жұмыс та жақсы жүріп кетті. Біраз мәселелер ортақ мүдде тұрғысынан шешіле бастады. Мәселен, Астанадағы LRT жобасының өзі екіжақты ынтымақтастықтың бір көрінісіне айналды. Аталған жобаның құрылысына қытайлық компания атсалысып жатыр. Қытайда монорельспен жүретін ондай қоғамдық көліктер көп. Осы саладағы үлкен тәжірибе бізге де пайдалы болады», — дейді қазақ-қытай ынтымақтастығы жөніндегі «China Center» xалықаралық орталығының бас директоры Әділ Кәукенов.

Ал ірі жобалардың ішінде Ляньюнгань портындағы қазақстандық терминал, «Қорғас» халықаралық орталығы және тағы басқа ортақ бастамалар бар. «Ендігі мәселе, қоғамның өзі осындай тығыз байланыстарға дайын ба? Себебі қоғамның бір бөлігі Қытайға сақтықпен қараса, екінші жағы мүлдем басқаша ойлайды. Мәселен, осындай отырыстарда сөз сөйлейтін сарапшылар геосаясат пен сан алуан сын-қатерлер жайында жиі айтып, xалықтың үрейін күшейтіп отырады. Ал бизнес өкілдері ондайға бас қатырмайды. Олар нақты инвестициялар туралы айтады, оны Қытайдан тарту қажеттігі жөнінде сөйлейді. Сондықтан сарапшыларға бір өтініш бар, ауаны қарпып, жоқ жерден проблема іздемей, нақты Қазақстан экономикасына қажетті нәрселер жайында айтқан дұрыс», — деп атап көрсетті Кәукенов.

Сарапшының ойынша, Қазақстан қытайлық өндірістерді ашуға дайын болуы қажет. Қоғамдық көзқарас жағынан ғана емес, теxникалық, тіпті маман жағынан дайын болған жөн. Себебі нарықтық заманға бейімделген қытайлық менеджменттің талаптары мүлдем басқа. Ал оның қыр-сырын меңгергендер көштен қалмайды. «Шыны керек, қоғамның қазіргі көзқарасын ескерсек, алдағы уақытта қытайлық өндірістерді көшіру жұмысы қаншалықты табысты өтетінін ешкім дөп басып, айта алмайды. Себебі зауыттарды көшіру, ол жай станоктарды көшіре салу ғана емес. Онымен бірге мамандар, топ-менеджерлер де келеді. Ал жергілікті xалық оған дайын ба? Иә, біз өндірістің еуропалық үлгісіне үйреніп қалдық. Ресей де өз досымыз. Енді, қытайлық өндіріске бейімделе аламыз ба? Мәселе сонда. Ендігі бір мәселе, Қазақстан мен Ресейдің байланыстары қалай өрбиді? Өйткені мына жақтан Еуропаға тікелей жол ашылса, Ресей жеріндегі Транссібір магистралі қалып қоймай ма деген қауіп бар. Меніңше, біз бір одаққа кіргеннен кейін бірге жұмыс жасауымыз қажет. Бізге ортақ көзқарас керек. Бірлескен жобалар мен соның барлығын іске асырудың нақты жоспарын қабылдасақ та, артық етпейді», — дейді Кәукенов.

 Экономикалық одақ аясында кемсітушілікке жол берілмеуі керек

Расында сарапшының сөзін жоққа шығара алмаймыз. Өйткені қазіргі кезде «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» дәлізі толығымен іске қосылса, Ресейдің Транссібір теміржол магистралі бойында жүк айналымы бәсеңдейді» дейтін болжамшылар аз емес. Бұны тіпті теріскейдегі көршілердің осы автожолдың өз жағындағы бөлігін аяқтауға асықпауымен де түсіндіруге болатын тәрізді. Шынымен, оларға бұл неге керек? Бұл ғана емес, бақсақ Ресейде іспетті мәселелер аз емес секілді. Мәселен, Ресейдің теңіз порттарында қазақстандық кәсіпкерлерге қатысты дискриминация әлі де бар. Ол жерде Қазақстаннан келетін жүктерді ұзақ ұстайды. Кеден қызметкерлері болса, алдымен өз жүктерін, яғни ресейлік өнімдерді тиеп жатады. Қазақ кәсіпкерінің «біз бір одақтанбыз, ереже бәрімізге ортақ емес пе?» деп жалынғанынан басқа қолынан келер қайран да жоқ. Мұндайға ресейлік кеденші: «енді, біз алдымен өз жүктерімізді жіберуіміз керек қой», — деп, ашық айтатын көрінеді. Соған қарағанда, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы экономикалық интеграция жоғары жақта үлкен қолдауға ие болса да, жергілікті жерде көптеген кедергілерге тап болып жатады. Соның ішінде псиxологиялық кедергі — бұрынғы таптаурын пікір, кеңестік көқарас та өз әсерін тигізіп отыр. Біреулер бұрынғы заманды аңсап, болашаққа жаңа көзқараспен қарай алмаса, екіншісі өткен-кеткенді әлі күнге дейін ренішпен еске алады. Соның барлығы адамдар арасындағы қарым-қатынасқа, экономикалық байланыстарға әсер етпей қоймайды. Енді, не істеу керек?

ҚР Тұңғыш Президентінің қоры жанындағы әлемдік экономика мен саясат институтының маманы Асқар Нұршаның айтуынша, осы тығырықтан шығудың компромисті жолы бар. Оны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та үнемі меңзеп отырады. «Мәселен, қазіргі кезде XX ғасырға қатысты екіжақты тарихи көзқарас бар. Бір тарап оны «колониализм дәуірі — ашаршылық пен ұлт қаймақтарының қырылған уақыты, сосын экологиялық апаттардың кезеңі» десе, енді бір топ сол тұстағы индустрияландыруды, тың игеру мен халықтар достығын алға тартады. Былайша айтқанда, бір жағы — негатив, екінші жағы — позитив. Президент болса, өткен тарихқа қараудың компромисті жолын ұсынып отыр. Елбасының айтуынша, тарихтың қатерлі тұстарын жоққа шығармай, оң тәжірибенің бар екенін мойындауымыз қажет. Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарда да сондай «формула» болуы тиіс. Негізі, ресейліктер оны жақсы түсінеді. Алайда Еуропа мен Украинамен қызу пікірталасқа түскенде өткен-кеткен тарихты өз көзқарасына салып, соны толығымен қорғап шығуға тырысады. Тарихтың қатерлі беттерін мойындау қажет. Одан Еуропаның державалары да өтті. Әйтпесе, тарихтың сол бір қатерлі тұстары бәрімізді тығырыққа тіреп, ашық қарым-қатынасқа түсуге үнемі кедергі жасап отырады», — дейді Нұрша.

Алып көршілер нені аңдиды?

Сонымен, Қазақстан мен Ресей кедендік шекараларды алып тастаса да, жергілікті жердегі менталитетті, одан туындап жатқан кедергілерді, ең бастысы, ортақ тарихқа қатысты психологиялық тосқауылдарды әлі еңсерген жоқ. Онсыз толыққанды интеграцияның іске асуы екіталай. Ал сол интеграцияға Қытай араласса, қалай болады? Ресейдің «Бір белдеу — бір жол» атты қытайлық бастамаға көзқарасы қандай? БРИКС-ты зерттеу жөніндегі ұлттық комитеттінің директоры, Азиядағы ресейлік стратегия орталығының жетекшісі Георгий Толорайдың айтуынша, Ресей де еуразиялық интеграцияға үлкен сенім артып отыр. Осы орайда ол «Бір белдеу — бір жол» (ағылшынша — Belt and Road Initiative, сарапшылар ортасында қысқаша «BRI» деп атайды -авт.) бастамасына сол интеграцияны іске асырудың бір жолы ретінде қарайды. «Енді, аталған бастамада Қытайдың өз мүддесі бар. Сөз жоқ, негізгі мақсат — қытайлық бизнесті дамыту. Әрине, соның арқасында Қытайдың экономикасы да өседі. Шыны керек, біз үшін бұл бастама күтпеген жағдай болды. Сосын оны еуразиялық интерграциямен үндестіру ұсынысы асығыс жасалды деп ойлаймыз. Себебі «BRI» Ресейдің стратегиялық мақсаттарына сәйкес келе ме, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз. Содан болар, Бейжіңде өткен соңғы форумда Путин «үлкен еуразиялық әріптестік» туралы айтты. Ал Қытайдың «Бір белдеу — бір жол» бастамасы сол әріптестіктің бір бөлігі болуы қажет сияқты», — дейді Толорай.

Соған қарағанда, Ресей «BRI»-ді интеграцияның негізгі жолы ретінде мойындағысы келмей, оны «үлкен еуразиялық әріптестіктің» бір бөлігі ретінде ғана қарастыруға дайын. Байқауымызша, аталған бастаманың арғы жағында Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азияның оңтүстік-батыс елдерінің қауымдастығы (АСЕАН) арасында байланыс орнатып, қазіргі еуразиялық әріптестікті Тынық мұхитына дейін жеткізу идеясы жатыр. Ал оған Қытайдан төмен отырған мемлекеттер келісе ме? Сосын Қытайдың өзі Тынық мұхит аймағындағы саяси-экономикалық ықпалын сақтауға тырысатыны белгілі. Ресейдің де ұстанымы анық, ол экономикалық байланыстардың бір жақты болғанын қаламайды. Себебі «BRI» арқылы Қытайдың экономикалық экспансиясы басталады деген қауіп бар. Осылайша, Қытай өз бастамасын ұсынса, Ресей одан да ауқымды идеяны көтеріп, Орталық Азияда өз ықпалын сақтауды көздейтін тәрізді. Екі державаның арасында саяси сенімсіздік те жоқ емес.

Дегенмен, Ресей «Бір белдеу — бір жол» бастамасының еуразиялық интеграцияны күшейте түсетінін жақсы түсінеді. Себебі оның аясында жобалар қолға алынып, нақты іске асып жатыр. Ал «үлкен еуразиялық әріптестік» идеясы әлі де шикі күйінде қалып отыр.

 Ресей мен Қытайға өз тауарымызды сата білуіміз керек

Ресей өз мақсат-міндеттерін «Бір белдеу — бір жолмен» ұштастыра алмай жатқанда Қазақстан «Нұрлы жол» бағдарламасын қытайлық идеямен бірден үндестіре білді. Енді соның барлығы теріскейдегі көршінің сенімсіздігіне тіреліп қалмаса болғаны. Әрине, Қазақстан арқылы өтетін жүктердің экономикалық пайдасы зор. Алайда сол айналым арқылы өз тауарларымызды да екі державаға шығара алуымыз қажет. Себебі қазіргі қазақстандық тауар айналымы көңіл көншітерлік емес. «Бүгінде Қазақстан мен Еуропа арасындағы сауда-саттық Ресеймен арадағы алыс-берістен екі есе артық болып тұр. Осы бір мәселені ұмытпау қажет. Сондықтан «Қазақстанның №1 әріптесі кім?» дегенде көрші Ресейді айтсақ та, Еуропаның үлесі басым екенін естен шығарған дұрыс емес», — дейді Асқар Нұрша. Мәселен, Еуропа елдерін бір мемлекет ретінде қарастыратын болсақ, Қазақстан экспортының 50 проценті Еуропаға тиесілі. Ал Қазақстанға келетін еуропалық тауарлардың үлес салмағы да 57 процентті құрап отыр. «Демек, біздің Еуропамен арадағы сауда-саттығымыз тең, әрі көрші Ресей мен Қытайды бірге қосқандағы алыс-берістен артық. Қазіргі кезде Қазақстанның экспортында Ресейдің үлесі 10-ақ процентті құрайды. Қытай да солай. Сосын екі жақты сауда-саттықта тепе-теңдік жоқ. Мәселен, Ресей бізден сатып алған тауарлармен салыстырғанда, өз өнімдерін 6 млрд долларға артық сатып отыр. Міне, осындай мәселелер өзара интеграцияға да кері әсерін тигізеді», — дейді сарапшы Асқар Нұрша.

Ал мұндай жағдайда не істеу керек? Бұл ретте сарапшы «Ресей қазақстандық тауарлар үшін өз нарығын кеңірек ашып, қазіргі тепе-теңсіздікті қалпына келтірсе, еуразиялық интеграция да күшейе түседі» деген пікірді ұстанады. Расында да, бұл солай секілді. Өйткені, сауда-саттық — бұл интеграцияның қозғаушы күші. Ендеше экономикалық одақта ол біржақты болмауы, екіншіден, басқа қатысушы әріптестерді кемсітушілікке ұшыратпауы шарт. Интеграция барлығына бірдей тиімді болғаны жөн. Түйіндей айтсақ, Ресей бүгінгі ахуалды өзінше сараптан өткізіп, өзгеруге, соның ішінде жақсы жағынан өзгеруге тиіс секілді. Бұл Еуразиялық экономикалық одаққа да бірінші кезекте қатысты дүние.

Дереккөз: inform.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.