• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қазан 25, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сұрапыл соғыс жылдарындағы Қазақстан

12.05.2017
0

Биыл ТМД мемлекеттері Жеңістің 72 жылдығын атап өтуде. Фашистік Германияны жеңу Кеңес Одағына оңай түскен жоқ. 27 млн-нан астам азамат соғыста қаза болды. Кейбір деректер бойынша оның 603 мыңы қазақстандық болған екен. Ал Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1,8 млн азамат аттанған. Олар елдің жарқын болашағы үшін аянбай күресті. 96 638 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының орден, медалімен марапатталды. Сонымен қатар 1941-1945 жылдары Қазақстан негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды. Baq.kz тілшісі сұрапыл соғыс жылдары елімізге қандай өнеркәсіп орындары көшірілгендігін еске алып көрді.

Кеңес Одағы мен Фашистік Германия арасында соғыс өртінің тұтануына байланысты ел экономикасы соғыс жағдайына бейімделді. Экономика әскери бағытқа көшірілді. Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы барынша қысқартылды.

Қазақстандағы кәсіпорындардың басым бөлігі қорғаныс өнімдерін шығара бастады. Өскемен қорғасын — мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркәсіп құрылыстарын салды.

Сондай-ақ, соғыс жүріп жатқан өңірлерден әрі майданға жақын аймақтардан 220 зауыт пен фабрика, кәсіпорын елімізге көшірілді.

Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді. Бірінші – 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы, ал екінші рет 1942 жылдың күзінде. Ол жылы өнеркәсіп орындары негізінен Украина, Беларусь жерлерінен, Мәскеу, Ленинград облыстарынан көшірілген болатын.

Нақтырақ айтсақ, Украинадан Қазақстанға Харьков электротехника, Подольск механика, Запорожье ферроқорытпа, Днепропетровск вагон жасау зауыты және т.б. маңызды кәсіпорындар көшірілді. Жалпы Украинадан Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді.

Қазақ жеріне көшірілген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды.

Атап өтерлік бір жайт, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді.

Өнеркәсіп орындарымен бірге елімізге майдан өңірінен көптеген маман да көшірілді. Нақтырақ айтсақ, тек қана Украинаның Донбасс қаласынан 3200-ге жуық шахтер, 2000-дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер-техниктер саны 700-дей болды.

Нәтижесінде Қазақстан КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды. Оған мына сандар дәлел, 1942 жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85%-ын, көмірдің 18%-ын, молибденнің 60%-ын, октанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді. Сондай-ақ, «Ұлы отан соғысында жауға қарсы атылған 10 оқтың 9-ы Қазақстанда жасалды» делінетін сөзді бұл сандар дәлелдей түседі.

1942 жылы 24 тамызда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулысы шықты. Нәтижесінде облыстың және ауданның жұмысшылары Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс басталды. Шахтерлерді азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, шахталарда тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберілді.

Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді. Атырау мұнай өңдеу зауытын, Каспий-Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды.

Соғыс жылдыры Мақат — Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау зауыты, Пешной аралы — Шарин құбыр жолы, Атырауда мұнай өңдеу зауыты, теңіз порты салынды.

Алайда соғыс кезеңінде ауыл шаруашылығы өте қиын жағдайды бастан кешірді. Соған қарамастан шаруалар өз жұмыстарын адал орындады.

Шаруалардың саны 1939 жылмен салыстырғанда 1942 жылы 600 мыңға кеміді. Колхоз өндірісінде әйелдер еңбегінің үлесі артып, ол 1942 жылы 75% -ға жетті. 76 мың механизаторлардың 55 мыңнан астамы әйелдер болды.

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Қазақстан майдан мен тылды қару-жарақпен, оқ-дәрімен, азық-түлікпен қамтамасыз етуші негізгі аймаққа айналды. Сондықтан Қазақстан Ұлы Отан соғысының негізгі өнім жіберуші елдің қатарында болды десек қателеспейміз. Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жұмысшылардың ерлігі аңызға айналды. Олар Ы. Жақаев, Ш. Берсиев, Б. Самжүрекова, Ким Ман Сам, В. П. Кривич, И. Я. Кудлай болатын.

Жалпы әскери өндіріс пен «Еңбек майданына» 670 мыңдай адам тартылды. Сұрапыл соғыс кезінде әскер қатарына 1,8 млн қазақстандық тартылып, еліміздегі әрбір бесінші адам майданға аттанды. Сол уақытта қазақ жерінде 6,2 млн халық тұрған.

Айта кетерлік бір жайт, кеңес әскерінің негізгі азық-түлігі мен киім-кешегі, қару-жарақ, оқ-дәрісін қамтамасыз еткен тыл еңбеккерлері еді.

Соғыс кезінде майдан шебі Қазақстан шекарасына жақындағанмен, қазақ жерінде соғыс болған жоқ. Дегенмен, Қазақ елі соғыс зардабын Украина, Беларусь, Ресей, Балтық елдері жағалауы республикаларынан кем тартқан жоқ.
Дереккөз: Baq.kz.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ӘЛЕМДІК ДОДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Әлемдік аренадан олжалы оралған палуанды Шымкентте салтанатты түрде қарсы алды. Грек-рим күресінен U23 санатындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Джохар Узаров...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте жас өнертапқыштар өзара бақ сынап, робототехника әлеміндегі шеберліктерін көрсетті. ROBOPARK LIGA XIII республикалық жарысына еліміздің әр өңірінен 50-ден астам...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

 ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкенттік жас ақындар республикалық айтыста топ жарып, қала мерейін асқақтатты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ТАЗА ҚАЛА –МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.