«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мен Астана қаласының әкімдігі жастарды баспанамен қамтудың жаңа бағдарламасын әзірлейді.
Бұл туралы бүгін Мәжілісте мәлім болды. Сондай-ақ әлеуметтің әлжуаз топтары сатып алу құқығынсыз пәтерді төмен бағамен жалға алады. Ақысы адам саны мен үйдің көлеміне байланысты. Жалпы, «Нұрлы жер» бойынша 15 жыл ішінде 1,5 млн отбасы баспанамен қамтылады. Бағдарламаның жүзеге асуын «Нұр Отан» партиясы қадағалайды.
Балайым Кесебаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
— «Нұр Отан» партиясы тарапынан халықты тұрғын үймен қамту мәселелеріне қоғамдық мониторинг зерттеу жүргізіліп отырады. Солны әр тоқсан сайын комиссия қарауында қарап, бақылап отырамыз. Әр бағдарлама бойынша жылға белгілі бір қаражат бөлініп, белгілі бір шаршы метр қамтамасыз ету жөнінде бағдарламада нақты көрсетілген, сол бойынша қазір өкілетті органдар, жергілікті мемлекеттік органдар жұмыс жасап жатыр.
Дереккөз: 24.kz
Фото: today.kz