• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Қазақстан кімге және қанша қарыз?

26.04.2017
0

ҚР Ұлттық банкінің мәліметіне қарағанда, Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы 2016 жылдың желтоқсанында 163,758 миллиард доллар болды. 2016 жылы бұл сома 10,37 миллиардқа немесе 6,7 пайызға өскен. Сыртқы қарыздың көп бөлігі (55,7 пайызы) фирмалар арасындағы қарыздар. Қаржы министрлігінің мәліметіне сенсек, мемлекеттік қарыз 2017 жылдың 1 қаңтарында 11 436,6 миллиард теңге (34,1 миллиард доллар). Tengrinews.kz тілшісі бұл көрсеткіштер қаншалықты үлкен, еліміз кімге қанша қарыз екенін және шетелдер Қазақстанға қанша қарыз екенін түсіндіреді.

«Альпари» компаниясының сараптамалық департаменті басшысының орынбасары Наталья Мильчакованың айтуынша, Қазақстанның сыртқы қарызын адам басына шақса 8 740 доллардан келеді. Бұл жеке адам үшін қорқынышты көрінгенімен, әлемдік деңгейде қалыпты болып саналады. «Мәселен Ұлыбританияда бұл көрсеткіш адам басына шаққанда 150 мың доллар, Бельгия, Норвегия, Финляндия — 100 мың доллар, ал Ресей үшін — 3,5 мың доллар ғана. Бұл жерде адам саны да маңызды екенін айта кету керек, сондықтан Ресей мен ҚХР үшін сыртқы қарыз адам басына шаққанда аз келеді», — дейді сарапшы.

kaz-1

Мильчакова қарызды адам басына шағып есептегенімен, бұл ешкімге жеке әсер етпейтінін, бұл билік үшін көрсеткіш екенін және шетелден қарыз алу туралы шешім қабылдаған үкімет үшін экономикалық бөгет болады. Әдетте бұл көрсеткіш көрші елдердің көрсеткіштерімен салыстырылады. Өзге елдермен салыстырғанда қарыз қаншалықты аз болса, оны соғұрлым жылдам қайтару керек болады.

Сарапшының ойынша, қарыз алушы елдің қаржылық жағдайының түзу екенін көрсететін басқа да көрсеткіш бар — қарыз үлесі, соның ішінде елдің ЖІӨ-дегі сыртқы қарызының үлесі. ЖІӨ-дегі қарыз үлесі аз елдің қарыз төлеу және қарыз алу әлеуеті жоғары. ЖІӨ-дегі қарыз 10-15 пайыз деңгейінде болса, бұл қалыпты саналады. «Қазақстанның қаржы жағдайы қалыпты. Ресей, Бразилия, Оңтүстік Корея, Түркия, ОАР, Израиль, Таиланд, Қытай және өзге де көптеген елдер қаржылық жағдайы қалыптылар қатарында.

«Ал АҚШ, Испания, Дания, Грекия, Португалия және Еуроодақ елдерінің барлығында дерлік қарыз ЖІӨ-нен бірнеше есе артық», — дейді сарапшы. Мысалы, соңғы мәліметтер бойынша, ЖІӨ-ге қатысты Жапонияның сыртқы қарызы 248,1 пайыз, Грекия — 178,4 пайыз, Ливан — 139,1 пайыз, Италия — 132,6 пайыз, Португалия — 128,8 пайыз, Ямайка — 124,3 пайыз, Кабо-Верде — 119,3 пайыз, Кипр — 108,7 пайыз, Бельгия — 106,3 пайыз, АҚШ — 105,8 пайыз, Испания — 99 пайыз, Ұлыбритания — 89,3 пайыз.

ТМД елдеріне келетін болсақ, Халықаралық экономикалық форум мәліметі бойынша, ЖІӨ-ге қатысты сыртқы қарыз бойынша Украина бірінші орында — 80,2 пайыз, екінші Қырғызстан — 68,8 пайыз, үшінші Армения — 46,6, Молдова — 42, Әзірбайжан — 36,1, Тәжікстан — 35,9, Қазақстан жетінші орында (23,3 пайыз). Бізден кейін Ресей — 17,7 пайыз. Беларусь, Түрікменстан мен Өзбекстан жайлы ақпарат жоқ.

Ал, Қазақстан қай елдерге қарыз дегенге келетін болсақ, бұл тізімде Нидерланды елі бірінші тұр. 2016 жылдың төрт тоқсаны бойынша Қазақстан бұл елге 47,3 миллиард теңге қарыз. Ұлыбритания елімізге қарыз беру жағынан екінші тұр, Қазақстан бұл елге 24,6 миллиард теңге қарыз берген. Ары қарай Америкаға — 2,9 миллиард доллар, Кытайға — 12,6 миллиард доллар, Францияға — 11,7 миллиард доллар қарыз.

Ал, өз кезегінде шетелдер Қазақстанға 169,4 миллиард доллар қарыз. Олардың ішінде АҚШ — 54,9 миллиард доллар, Нидерланды — 20,5 миллиард доллар, Ұлыбритания — 16 миллиард доллар, Ресей — 7,5 миллиард доллар, Германия — 4,4 миллиард доллар.
 Дереккөз: tengrinews.kz

Previous Post

ҚР қорғаныс министрі әскерилерді жалақысын өсіріп, баспанамен қамтуға уәде берді

Next Post

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1,5 млн отбасы баспанамен қамтылады

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.