АСТАНА. ҚазАқпарат — Шамамен 200-ге жуық құтқарушы «Союз-МС» экипажының Қазақстанға қонуын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
«Союз-МС-02» басқарылатын капсула экипажы 10 сәуір күні Жезқазған қаласының оңтүстігіне қонады.
««Союз-МС» қонуын қамтамасыз етуге 14 Ми-8 тікұшағы, үш Ан-26 ұшағы, екі Ан-12 және жүріп өту мүмкіндігі жоғары «Синяя птица» іздеу-эвакуациялау машиналары бар 20 дана автотехника қатысады. Әскери авиация мен іздеу-эвакуациялау амфибиялары Свердловск және Челябі облыстарынан жеткізілді», — делінген хабарламада.
«Союз-МС-02» басқарылатын капсула экипажы 10 сәуір күні Жезқазған қаласының оңтүстігіне қонады деп күтілуде. «Жерге кеме командирі Сергей Рыжиков, борт инженері Андрей Борисенко, және NASA астронавы Роберт Шейн Кимброу оралады.
Жерге оралған аппаратты қондыру бойынша Екатеринбургтегі ӘӘК және әуе шабуылына қарсы қорғаныс 14 әскерінің жауынгерлік басқарма орталығында кезекшілік ұйымдастырылды», — деп толықтырды баспасөз қызметі.
Дереккөз: inform.kz