Алдағы уақытта Қазақстанның қаржы нарығына “Заман-Банк” АҚ кіруі мүмкін, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банк Қаржы нарығының методология департаментінің директоры Нұрлан Әбдірахманов.
«Бұл банк исламдық қаржыландыру тәртібі бойынша банк қызметтерін ұсынатын болады», — деді Нұрлан Әбдірахманов.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда жалғыз ислам банкі бар. Ол – “Al Hilal” Ислам банкі” АҚ. Бұл банк Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметінің Келісімі негізінде ашылған еді.
Дереккөз: naryk.kz