• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 24, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісайда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

04.04.2017
0

Елбасының  Жолдауында халықты жұмыспен қамту, Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы секілді жұмысшы күшін арттыру мәселелеріне басымдық берілген. Сондықтан, халқы тығыз еңбек күші мол аймақтан еңбек күші жетіспейтін өңірлерге  көші-қон ұйымдастыру арқылы азаматтарды жұмыспен қамту негізгі мақсаттардың бірі. Осы орайда, айтулы бастаманы жандандыру мақстында өңірімізге Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары мен Қостанай, Павлодар аймақтарынан жалпы саны 60-қа тарта делегаттар арнайы келді. Құрамында басқарма басшылары мен аудан әкімдері және бірқатар шаруа қожалық төрағалары бар делегация Мақтарал ауданында болып, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді.

Мемлекет басшысының Жолдауы жүктеген міндеттер аясында ішкі көші-қон процестерін реттеу, және еңбек күші мол аймақтан еңбек күші жетіспейтін Республикамыздың кей өңірлеріне өз еркімен халықты қоныстандыру жұмыстары жүргізілуде. Міне осының нәтижесінде талай отбасы Солтүстік аймақтарға  көшіп барып, аталмыш өңірлерді  түлетуге үлестерін қосуда. Ал осы бір маңызды істі әрмен қарай жандандыру бағытында  Оңтүстікке  арнайы келген Қостанай, Павлодар, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облысының  делегаттары 350 мыңнан астам тұрғыны бар Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласында өңірарлық бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Аталмыш маңызды бастаманың жоғары денгейде ұйымдастырылып жобаның жалғаса беруіне ОҚО-ның әкімдігі де ұйытқы болып отыр.

Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары мен Қостанай, Павлодар аймақтарынан келген делегациялар құрамында жалпы саны 60-қа жуық азамат бар. Олардың арасында сол аймақтардың  салалық  басқарма басшылары мен  аудан, қала әкімдері және бірқатар шаруа қожалық төрағалары сондай-ақ жұмыс беруші мекеме басшылары да бар. Яғни бұл күнгі еңбек жәрмеңкесінде 636 жұмыс берушіден 1785 бос жұмыс орындары ұсынылды. Айталық ауыл шаруашылығына бейім Солтүстік Қазақстан облысына  қазірігі таңда ең қажеттісі, шұрайлы өңірдің жерін игеретін ауыл шаруашылығының мамандары.

Жетісай қаласында өткен өңірарлық бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне келушілердің де бұл күні қарасы қалың. Яғни Солтүстік облыстарға көшуге ниет танытқан азаматтар жәрмеңке барысында жұмыс берушілермен тікелей әңгімелесіп, бос жұмыс орындары туралы жан-жақты мағлұматтар алды.

Осылайша түске дейін жалғасқан бос жұмыс орындары жәрмеңкесі түс ауа Атакент ауылында жергілікті тұрғындардың қатысуымен өңіраралық еңбек рыногының ұтқырлығын дамыту жөніндегі кездесуге ұласты. Мұнда төрт бірдей облыстың Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары өз аймақтары бойынша қажетті мамандықтар тізбесін атап, көшіп келген азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларына тоқталды. Айталық, Павлодар облысында  дәл қазір 3,5 мың жұмыс орындары бос тұр. Сондықтан бұл аймақта қажетті  мамандықтарға сұраныс көп.  Ал  СҚО-на  тек өткен жылдың өзінде Оңтүстік өңірлерден 150-ге тарта отбасы көшіп барса, аграрлы аймақ биылғы жылы да келемін деушілерді қарсы алуға әзір.

Өз кезегінде сөз алған  Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Жаңабай Ағабеков тұрғындары еңбекпен қамту, Солтүстік өңірлерді түлету жобасына қолдау көрсетіп, барамын деушілерді алдын ала аймақтың мүмкіндігімен таныстырып қайтуға да  әзір екендігін жеткізді.

Ал кездесу соңында делегация мүшелері  тұрғындар тарапынан қойылған  сауалдарға жауап берсе, жастарға «Серпін» бағдарламасы бойынша Солтүстік облыстарда білім алу барысы да түсіндірілді.

Абай Омар

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ДӘРІПТЕЛЕДІ

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ДӘРІПТЕЛЕДІ

Айғақ медиа
24.07.2026
0

Ұлттық мұраның қадірі оны сақтаумен ғана емес, күнделікті өмірде тұтынумен өлшенеді. Осы мақсатта Шымкент Креатив хаб орталығында қолөнер шеберлерінің дәстүрлі...

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТИІМДІ ТАҢДАУ ҰСЫНЫЛДЫ

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТИІМДІ ТАҢДАУ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
21.07.2026
0

Болашаққа бастар маңызды қадам – бүгінгі таңдау. Шымкентте талапкерлерге арналған мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Бір алаңға жиналған жоғары оқу орындары мен...

АЙМАҚТЫҚ КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

АЙМАҚТЫҚ КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

Айғақ медиа
21.07.2026
0

Балалар кардиохирургиясын дамыту бағытында маңызды жоба қолға алынды. Жыл соңына дейін Шымкентте республикалық деңгейдегі аймақтық кардиохирургиялық орталық ашу жоспарланып отыр....

ЕГІН АЛҚАПТАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

ФЕЛЬДШЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ БЕЙНЕЖЕТОНМЕН ҚОРҒАЛАДЫ

Айғақ медиа
20.07.2026
0

Шымкенттің халқы бүгінде 1 миллион 300 мыңға жуықтады. Халық көбейген сайын сапалы медицинаға деген сұраныс та артып келеді. Ал осы...

ЕГІН АЛҚАПТАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

АҚЫЛДЫ БАҒДАРШАМ КӨЛІК КЕПТЕЛІСІН АЗАЙТАДЫ

Айғақ медиа
20.07.2026
0

Қазір жасанды интеллект тек бір саламен шектелмейді. Ол медицинада диагноз қою мен қызмет көрсету сапасын арттыруға, білім беру жүйесінде оқыту...

ЕГІН АЛҚАПТАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

ЕГІН АЛҚАПТАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

Айғақ медиа
20.07.2026
0

Бір ғана ұшқын… Бір сәттік салғырттық… Диқан үшін ең үлкен қауіп – қуаңшылық қана емес. Көзді ашып-жұмғанша тұтас алқапты жалмауы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.