«Worldskills-Қазақстан — жыл шебері — 2017» аймақтық чемпионатының жеңімпаздары анықталды. Екі күнге жоспарланған чемпионат кәсіптік білім беруге қолдау білдіре отырып, студенттердің біліктілігін шыңдауға бағытталған. Аталған байқауға 35 колледжден 79 студент қатысқан болатын. Бұл күні өз біліктілігімен іріктелген үздіктер жүлделі орындардан көрінді. Сондай-ақ, өңірде кәсіптік білім беруді дамытуға өз үлесін қосқан кәсіпорындар да марапатталды.
Аяжан Дәулетбай