2017 жылы 30-наурыздағы өткен облыс мәслихатының алтыншы шақырылымдағы 11-кезекті сессиясында жергілікті мемлекеттік –жекеменшік әріптестік жобалардың тізімі бекітілді. Атап айтқанда:
- Шымкент қаласы, әкімшілік-іскерлік орталығында 320 — орындық балабақша құрылысы;
- Шымкент қаласы «Қайтпас» мөлтекауданында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын қалалық емхананы салу және пайдалануға қосу;
- ОҚО, Бәйдібек ауданы, Бөген ауылдық округі, Шалдар ауылындағы 140 орындық балабақша құрылысы;
- ОҚО, Отырар ауданы, Көксарай ауыл округі, Көксарай елді мекенінде балабақша құрылысы;
- ОҚО, Түлкібас ауданы, Ақбиік ауылдық округіндегі 100 орындық балабақша құрылысы.
Жомарт Бегімбетов