Күні ертең, яғни 21 наурыз күні киелі Түркістан қаласында «Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы мен Наурыз мерекесіне арналған Түркі әлемінің «Наурызнама» атты салтанатты шарасы өтеді. Бұл күні 2017 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы атанған Түркістанға көршілес мемлекеттер мен әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған қонақ арнайы келіп, қазақ жеріндегі Ұлыстың ұлы тойын тамашалайтын болады. Қазіргі таңда киелі шаһардағы салтанатты шараға арналған дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр.
Cалтанат Тойболова,
суреттер ОҚО Халық шығармашылығы орталығынан алынды