• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Мамыр 31, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Агро

Оңтүстікте шаруаларды жаңа кәсіпке баулу жұмыстары басталды

14.03.2017
0
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен аймақтағы шаруаларды кәсіпке баулып, шаруашылыққа бейімдеу мақсатында өңірімізде оқыту семинар айлығы басталды. Аудан, қалаларда ұйымдастырылып жатқан көшпелі семинарда, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, несиелеу және субсидиялау мәселелері қамтылмақ.
Осыған байланысты, Шымкенттегі Мәртөбе елді мекеніне қарасты «КазАгроном» өндірістік жылыжай кешені аумағында  облыстық  семинар  өтті. Оған аудан, қала әкімдері мен ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары, шаруалар мен шаруа қожалық иелері, ғылыми орталықтар мен қаржылық институттардың өкілдері қатысты.
Семинардың мақсаты — шаруалар мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынасты нығайта отырып, ауыл шаруашылығының дамуына серпін беру. Ұсақ шаруа қожалықтарының бірігуіне мүмкіндік жасап, сол арқылы өнім көлемін арттыру болып табылады.
Кездесуде өңір басшысы таяуда мұндай басқосулардың ет-сүт бағытында Қазығұрт пен Арыс және Сарыағаш аудандарында, құс шаруашылығы бойынша Ордабасы мен Төлебиде, балық шаруашылығы аясында Шардара мен Түлкібаста, қарқынды бау шаруашылығы шеңберінде Сайрамның шаруашылық өкілдерімен ұйымдастырылатынын жеткізді.
«Халқы тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысын жан-жақты дамыту аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Сондықтан, өңір халқын жеміс-жидек, көкөністермен, жалпы, ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамту үшін барынша жұмыс істеуіміз қажет. Бүгінгі семинардың мақсаты да ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтып, ұсақ қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру екенін айта кету қажет», — деді Ж.Түймебаев.
Сонымен бірге, шаруаларға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулардың реті айтылып, кооперативті құрудың тәртібі, беріліп жатқан субсидиялар мен несиелер жайлы кеңінен мағлұматтар берілді. Ал ғылыми орталықтар өкілдері жылыжай шаруашылығы саласындағы заманауи техникалық зерттеулерін алға тартып, қызықтырған сауалдарға жауап берді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыстағы жылыжайлар  көлемі 1123 гектарды құрап,  республикадағы үлесі 86 пайызға жетіп отыр. Жылыжайлардың басым бөлігі Сарыағаш ауданында орналасқан (591 га – 53 %).
Жылыжай шаруашылықтарын дамытуға мемлекет тарапынан қолдаулар күшейтілген.   Өндірістік  жылыжайдың  әр гектарына 1,5 млн. теңге ( жылыту жүйесі  жоқ  жылыжайдың 1 гектарына 800 мың теңге) субсидия беріледі. Тыңайтқыштар мен  гербицидтерге  50 %  дейін  субсидия қарастырылған.  Өнеркәсіптік бағыттағы жылыжайларға 11,3%-бен  несие  берілсе, коопертив мүшелерінің 6 %-бен несие алуға  мүмкіндігі бар.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

Айғақ медиа
27.05.2026
0

Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында әскери техникаларды жазғы пайдалану режиміне көшіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қару-жарақ пен арнайы техникаларға...

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Айғақ медиа
26.05.2026
0

1 шілдеде күшіне енетін Ата Заңда мұғалімдердің құқықтары қалай қорғалады? Жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері қандай? Қала аумағында заңгерлер тұрғындарға түсіндіру...

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Кейбірі сауап үшін мал сояды, енді бірі оны міндет деп түсінеді. Алайда Құрбан айттың шынайы мәні неде? Арафа күні неліктен...

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Қаратау ауданында әмбебап жедел қызмет көрсету бекеті ашылды. Ерекшелігі өрт сөндіру, полиция және медицина қызметкерлері бір орталықта жұмыс істейтін болады....

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

РУХАНИЯТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Мәдениет және өнер саласының үздіктері марапатталды. Төсбелгілерді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек табыстады. Аталмыш рәсімде мәдениет саласының өкілдеріне құрмет көрсетіліп,...

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Шымкентте «Бостандық бағасы» тақырыбында жастармен жиын өтті. 1200-ге жуық оқушы жазасын өтеушілермен тікелей эфирде тілдесті. Іс-шарада жас өрендердің құйтырқы әрекеттер...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.