Бүгін «Айғақ» Телерадиокомпаниясы»ЖШС-нің бас директоры, ОҚО Мәслихатының депутаты, ҚР Президенті жанындағы БАҚ жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Шымкент, Арыс қаласы мен Төлеби, Бәйдібек аудандарының Құрметті азаматы Дулат Назарбекұлы Әбіш туылған.
Құрметті Дулат Назарбекұлы! Сізді адам өмірінің айтулы тағы бір белесі – 55 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіз көп жылдан бері ақпарат саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп белес-биіктерден өткен жігерлі азаматсыз. Бойыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік қасиеттеріңіздің арқасында Сіз бүгінде кең байтақ еліміздің өсіп-өркендеп, қарышты дамуында қажырлы еңбек етіп, ел алғысына бөленіп келесіз.
Сізді үлкенге ілтипатты іні, кішіге қамқор аға, қатарластарына адал дос бола білген ізгі жүректі азамат, еңбекте беделді маман, абыройлы жетекші, әділдігі жарасқан білікті басшы ретінде үлгі тұтамыз. Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын! Әрқашан осы жігерлі, қуатты қалпыңыздан таймай, әлі де талай асулардан аса беріңіз!