• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Шымкентте тағы бір гүлзар ел игілігіне берілді

12.11.2016
0

Бүгін Шымкент қаласындағы 17 шағын ауданында орналасқан гүлзардың қайта құру жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Егемендігіміздің ширек ғасырлық мерейтойына орай, ел игілігіне берілген демалыс орнының ашылу салтанатына облыс əкімі Жансейіт Түймебаев пен қала əкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.

Тұрғындардың қуанышымен бөлісе келген өңір басшысы барша шымкенттіктерді ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, қаламызды жасыл желекке айналдыру үшін шымкенттік әрбір тұрғынды бір тал ағаш егуге  шақырды.

«Бұл жер Сіздердің сүйікті демалыс орындарыңызға айналатынына сенімім мол. Халықтың тынығуына жағдай жасау мақсатында қалада көгалдандыру жұмыстары қарқын алып, көптеген демалыс орындары қайта жөндеуден өтіп жатыр. Осы сұлулықты сақтап қалу үшін тұрғындардың да көмегі қажет. Менің әкем зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі ғұмырында 3 мың терек еккен. Сондықтан, әр қайсыңыздың қаланың жасыл желекке айналуына үлес қосуларыңызды сұраймын және бірлесе жұмыс жасауға шақырамын»,- деді Ж.Түймебаев өз құттықтау сөзінде.

Жандарбеков көшесі бойынан ашылған ашық алаңды жөндеуге 58,4 млн. теңге жұмсалған. Жалпы аумағы 1 гектардан асатын демалыс орнын іске асыруда жолаяқтар жөнделіп, қалытқылы орындықтар, қоқыс жəшіктері  мен жарықтандыру бағаналары орнатылды. Сонымен қоса, көгалдандыру және суару жүйесі жүргізіліп, ұзақ уақыт бойы жұмыс істемей тұрған субұрқақтар қайта жөндеуден өткізілді. Осылайша, Шымкентке көрік беретін демалыс аймақтарының саны артты.14976564_1117391131710558_6728287340265597769_oАйта кету керек, Шымкент қаласында бүгінде көлемі 160 га құрайтын 8 саябақ пен 30 сквер бар. Олардың бірқатары — «Мәртөбе», «Наурыз» саябақтары жөндеуді қажет етсе, шаһардағы ескі қоқыс орнын саябаққа айналдыру жұмыстары да жоспарда бар. Алдағы уақытта «Қарасу» және «Шымтөбе» скверлеріне де қайта құру жұмыстары жүргізілетін болады.

Осы күні аймақ басшысы Ж.Түймебаев Шымкенттегі ескі шаһар аумағын қайта қалпына келтіру бойынша жасалынған «Шымкент қалашығы» әтно-мәдени кешенінің жобаларымен танысты.

Көне қаланың территориясындағы қазба жұмыстарын жалғастырып, әрі оны тиімді пайдалану бойынша әзірленген тұжырымдамамен танысқан аймақ басшысы аталған жоба аясында жұмыстарды толықтырып, жобалық сметалық құжаттарын дайындап, келісімдер жүргізуді тапсырды. Сонымен бірге, суретшілер үшін шеберхана салу да осы маңнан ұйымдастыруға болатынын ескертіп, киелі тарихи орындар мен кесенелердің макеттерін орналастыру қажеттігін айтты. Көне Шымкент шаһарының нақ осы маңнан басталатынын айтқан өңір басшысы бұл мекен туристердің көптеп келетін орталығына айналуы тиістігін, қала сол талаптарға сай сұлу да, таза болуы керектігін жеткізді.

cf16d3a3-f9f9-4e60-8651-33d24c7da635

Айта кетейік, аталған жоба іске асқанда төбешіктің айналасында сауда, ойын-сауық орталығы мен музей, мұз айдыны, лекция залдары мен шеберхана және әмбебап көрме залдары салынады деп күтілуде.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Оңтүстікте «Алтын күз-2016» мерекесі тойланды

Next Post

Жансейіт Түймебаев Түлкібас ауданының тыныс-тіршілігімен танысты

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.