Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте «Алтын күз-2016» мерекесі тойланды
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте «Алтын күз-2016» мерекесі тойланды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.11.2016Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Бүгін Оңтүстік Қазақстанда Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің күніне арналған «Алтын күз — 2016» салтанатты шарасы өтті. Ауыл шаруашылығы саласының жетістіктері баяндалған мерекеге келушілерді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев құттықтап, биылғы жылдың өңір шаруаларына берекелі болғанын атап өтіп, шаруаларға қуанышты хабар ретінде келер жылға 6 млрд. 47 млн. теңге субсидия бөлінгенін жеткізді.
    «Егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 13 мың га артып, бақша, көкөніс, мақта, картоп және жеміс-жидек дақылдарынан мол өнім жиналды. Өнім көлемін, гектар түсімділігін арттыруға негізінен шаруашылықтардың агротехнологиялық іс-шараларды дұрыс жүргізу мен өндіріске озық технологияларды ендіруге бет бұруының нәтижесінде қол жеткізіп отырғандығымызды мақтана айтуымызға болады. Оның ішінде, терең қопсыту технологиясы, тамшылатып суғару әдісі мен жылыжайлардың көлемі бойынша Республикада көш бастап келеміз», — деді аймақ басшысы.
    Сонымен қатар, мерекелік басқосуда, Жансейіт Қансейітұлы облыста соңғы үш жылдың өзінде 2 мың га өндірістік интенсивті баулар отырғызылғанын айтып, оның тиімділігі гектарынан мақтамен салыстырғанда 30 есеге, бақшамен салыстырғанда 10 есеге артық өнім алуға болатынын жеткізді. Қарқынды баулардың көлемін ұлғайтуға Күнгейде мүмкіндіктердің барлығы бар екеніне тоқталған әкім мал шаруашылығында да қабылданған іс-шаралар мен «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары жоғарғы деңгейде орындалып жатқанын баяндады.
    Мұнан соң, аймақ басшысы түрлі ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруден І орын алған озат аудан, қалаларды атап, арнайы мүсін мен облыс әкімінің сертификаттарын табыстады. Мәселен, астық өндіруде Қазығұрт ауданына ешкім тең келмесе, жүгері өндіруде Отырар ауданы, мақсарыда Төлеби, мақта бойынша Мақтарал аудандары үздік деп танылды. Ал бақша өнімдерін жинау бойынша шардаралықтар көш бастаса, көкөністе Сарыағаш, жеміс-жидекте Түлкібас, сүт Арыс қаласы, ет өндіруде Ордабасы шаруаларының мерейі үстем болды. «Сыбаға» бағдарламасының орындалуы жөнінен түркістандықтар ерлеп, «Алтын Асық» бағдарламасы шеңберінде Бәйдібек озық шықты. Ал озық инвестициялық жобаларды іске асыруда Шымкент қаласы басым болса, ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосуда Мақтарал, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастыруда Сайрамның беделі биік болды.
    Мұнан бөлек, бұл күні түрлі салалар шеңберінде ІІ және ІІІ орындағы және өзге де еңбек озаттарының номинацияларды  алған 75 аудан, қала әкімдіктерінің өкілдері мен шаруашылық жетекшілерінің мерейі үстем болды.
    Айта кетсек, мемлекет тарапынан тұқым шаруашылығын қолдау, гектарлық субсидия, жеңілдетілген жанар-жағар май, тыңайтқыштармен қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімі мен асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау, қайта өңдеу кәсіпорындарының шикі затты сатып алу құнын төмендету, инвестициялық субсидия, кредит/лизингтің пайыздық үстем ақыларын субсидиялау бағдарламаларының саланы дамытуға тікелей ықпал етуде. Оған дәлел, биылғы жылдың өзінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға 13 бюджеттік бағдарлама бойынша 26,0 млрд. тң бөлініп, өткен жылдан 24 % артты.
    Дегенмен де жылдан-жылға халық санының өсіміне және экономикалық жағдайдың жақсаруына байланысты сапалы ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныстың артатыны сөзсіз. Сондықтан алдымызда аталып өткендей, облыстың аграрлық саласын 2017 – 2020 ж.ж. арналған дамытудың алты бағыты айқындалды. Оның ішінде бірінші кезекте ауыл шаруашылығы кооперативтер жүйесін қалыптастыруға, суармалы жерлерді қалпына келтіру, ұлғайтуға облыс әкімдігі тарапынан барлық шаралар атқарылатын болады.
    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.