Бүгін Бәйдібек аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Гүлдария Шардарбекова дүниеге келген.
Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырып, ақ халатты періштедей көз алдында көлбеңдей жүріп, жанына дауа, тәніне шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттырып,ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалаған ақ халатты абзал жандар. Міне, осындай ардақты жан Гүлдария Шардарбекованы бүгінгі қуанышты күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Сізге мықыт денсаулық, күш-жігер, баянды бақыт және жаңа белестер тілейміз!