Республикалық “Денсаулық жолы — 2016” акциясы оңтүстікте жалғасын тапты. Акция аясында білікті дәрігерлер шалғайдағы ауыл тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсететін болады. Бүгін бір топ ақ қалаттыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында, аудандарға бағытталған көліктермен шығарып салды. ОҚО денсаулық сақтау басқармасының бұйрығын орындау мақсатында аудан, ауылдарға жолға шыққан ақ қалаттылар тамыздың 8-і мен 12-сі аралығында барлық медициналық көмекті көрсететін болады. Білікті мамандардан құралған мобильді медициналық топ облыстағы Түркістан Кентау қалалары мен 12 ауданды қамтитын болады. Сала қызмткерлері төрт бригадаға жасақталған, әр бригада құрамында 9 маманнан бекітілген. Сонымен қатар медициналық құрал-саймандармен толықтай жабдықталған. Қазақстанда жыл сайын ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру және әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу шаралары жиі өткізіліп отырады. Ал, бұл жолы тұрғындарға терапепевтік, кардиологиялық, эндокринологиялық, педиатр, физиатр, эпидемиолог, онкологиялық және салауатты өмір салтын ұстану қызметі көмек көрсетпек. Бүгінде 37 жылдық ғұмырын онкология саласына арнаған Әбдімансап Нәлібаев. Ол, ауруына шипа іздеген азаматтарға қолымнан келген көмекті аямаймын дейді. Акцияның негізі мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру, халықтың медициналық сауаттылығы мен белсенділігін арттыру болып отыр. Өмір мен өлімнің ортасында арпалысатын ақ қалаттылар ауыл азаматтарына аурудың алдын алу жолдары мен, сақтық шараларын түсіндіруді жоспарлап отыр.
ЗАҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ
Заң қызметтерінің қолжетімділігі бүгінгі күннің маңызды мәселенің бірі. Тақырыпты кеңінен талқылау мақсатында Ospanova Law Group компаниясының директоры, құқықтану саласының маманы,...