Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Денсаулық жолы — 2016» акциясы бастау алды
    Жаңалықтар

    «Денсаулық жолы — 2016» акциясы бастау алды

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.08.2016279 Views

    Республикалық  “Денсаулық жолы — 2016”  акциясы оңтүстікте жалғасын тапты. Акция аясында  білікті дәрігерлер   шалғайдағы ауыл тұрғындарына тегін медициналық  көмек көрсететін болады. Бүгін бір топ ақ қалаттыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында, аудандарға   бағытталған  көліктермен шығарып  салды. ОҚО денсаулық сақтау басқармасының бұйрығын орындау мақсатында аудан, ауылдарға  жолға шыққан  ақ қалаттылар  тамыздың 8-і мен  12-сі аралығында барлық медициналық көмекті  көрсететін болады. Білікті мамандардан құралған мобильді медициналық  топ облыстағы  Түркістан  Кентау қалалары мен  12 ауданды қамтитын  болады. Сала қызмткерлері   төрт   бригадаға жасақталған,   әр бригада  құрамында  9 маманнан  бекітілген. Сонымен қатар медициналық құрал-саймандармен  толықтай  жабдықталған. Қазақстанда жыл сайын ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру  және әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу шаралары жиі өткізіліп отырады. Ал, бұл жолы  тұрғындарға  терапепевтік, кардиологиялық, эндокринологиялық, педиатр, физиатр, эпидемиолог,  онкологиялық және салауатты өмір салтын ұстану  қызметі көмек көрсетпек. Бүгінде 37 жылдық ғұмырын онкология саласына арнаған  Әбдімансап Нәлібаев. Ол,  ауруына шипа іздеген азаматтарға қолымнан келген   көмекті   аямаймын  дейді. Акцияның негізі мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру, халықтың  медициналық сауаттылығы мен белсенділігін арттыру болып отыр. Өмір мен өлімнің ортасында арпалысатын ақ қалаттылар ауыл азаматтарына аурудың алдын алу жолдары мен, сақтық шараларын  түсіндіруді  жоспарлап  отыр.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.