• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Желтоқсан 19, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қызыл деңгейден сары деңгейге ауыстырылды

20.07.2016
0

Кеше Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығы Алматы қаласы аумағында шекті (қызыл) террористік қауіптілік деңгейінің енгізілгендігі жөнінде хабардар етті. Бұған белгісіз біреудің Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚК департаменті ғимараттарына шабуыл жасауы негіз болған. Бұл шешімді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №611 «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Жарлығы талаптарына сәйкес қабылдаған, деп хабарлады Антитеррор орталығының баспасөз қызметі.

Қылмыскерлер қолға түсті

Кеше, яғни 18 шілде күні таңер­теңгі сағат 11 шамасында Алматы қалалық Ішкі істер де­пар­таментінің Алмалы аудандық бас­қармасы­на белгісіз біреу кір­мек­ші болады. Бірақ, бекетте тұр­ған полиция қызметкері оның жолын бөгейді. Осы кезде ішке енбекші болған қылмыскер бекетте тұрған полиция қызметкерін атып жарақаттаған. Содан соң ол ішкі істер қызмет­кері­нің қаруын иемденіп, оқиға орнынан бой тасалаған.

Іле оның артынан «Боран» патруль­дік тобы ілеседі. Бірақ қыл­мыс­кер өзінің ізіне түскен «Боран» патрульдік тобына өзі бекет­те жарақаттаған ішкі істер қыз­мет­керінің қаруынан оқ жауды­ра­ды. Осының сал­дарынан екі қыз­меткер жара­ланды. Артын­ша қарулы қақ­тығыс кезінде қыл­мыскер де жараланып, «Қазақ­концерт» ак­ционерлік қо­ға­мы­ның маңында қолға түсті. Оны құрық­тау бары­сында тағы 2 по­ли­ция қыз­мет­кері жарақат алды.

Қазіргі таңда қылмыскердің кім екендігі анықталды.

Өкінішке орай, ол ұсталардан бұрын бір қала тұрғынының жеңіл автокөлігін тартып алмақ болған. Соның нәтижесінде жүргізуші жараланып, қаза тапты. Сонымен қатар, жарақат салдарынан үш полиция қызметкері де көз жұмды. Алдын ала мәліметтер бойын­ша, бұрын сотталған 27 жас­тағы Қызыл­орда облысы тұр­ғыны­ның өткен аптадағы әйел адамның өліміне де қатысы бар күдікті екені анықталып отыр. Алматы қаласында «Сирена» жедел жос­пары құрылып, барлық поли­ция қызметкерлері ұсталған қыл­мыс­кердің сыбайласын іздеуді жалғастыра берді. Соның нәти­же­сінде Алматы қаласының Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына кіргісі келген қылмыскердің қасын­да болған сыбайласы да анық­т­алып, көп ұзамай қолға түсті. Енді оның да осындай құқық бұзушылық әрекеттері тексеріліп жатыр. Ал бекетте тұрған полиция қызметкерінің ұрланған қаруы «Қазақконцерт» АҚ маңында қылмыскерді ұстау барысында табылды. Қазіргі таңда қаладағы жағдай тұрақты және құқық қорғау органдарының жіті бақылауында тұр. Ал Алматы қала­сының түрлі аумағында атыс болды деген қауесет шындыққа сәйкеспейді, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі. Ал кешке қарай еліміз­дің Анти­террор орталығы Ал­маты қала­сы аума­ғында күні бойы жүргі­зіл­ген ар­найы опера­циялар­дың аяқ­тал­ған­ды­ғын жариялады. Осыған орай Ұлт­­тық қауіпсіздік комитетінің ше­­ші­­мімен Алматы қаласы мен қа­ла аума­ғындағы террористік қауіп­­­ті­лік жағдайы «қызыл» дең­­­гей­­ден, «сары» деңгейге ауы­с­­ты­­рыл­ған­дығы ресми түрде мәлім­делді.

«Егемен Қазақстан» газеті, №136

Бөлісу2TweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова:  халықты жұмыспен қамту...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті....

22 ҮМІТКЕР ШОКОЛАТИН БАЙҚАУЫНДА

Айғақ медиа
28.11.2025
0

Шымкентте «Шоколатин KAZAKHSTAN-2025» халықаралық байқауы өтті. Аталмыш іс-шара Франция елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Байқаудың мақсаты – Шоколатина бойынша әлем чемпионатына жолдама алатын...

ӘЛЕМДІК БАЙҚАУҒА ЖОЛДАМА АЛҒАН АСПАЗ

ӘЛЕМДІК БАЙҚАУҒА ЖОЛДАМА АЛҒАН АСПАЗ

Айғақ медиа
28.11.2025
0

  Шымкентте Шоколатина бойынша Әлем чемпионатына жолдама алатын үздік үміткерлер анықталды. Марапатты Францияның Қазақстандағы елшісі Сильвен Гиоге табыстады. Еуропада өтетін...

РАДИКАЛДЫ ТОПТАРДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АНЫҚТАЛДЫ

РАДИКАЛДЫ ТОПТАРДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АНЫҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
28.11.2025
0

  Шымкентте инстаграм желісінде радикалды топтарға жазылған 556 жасөспірім анықталды. Бұл ақпарат кезекті қоғамдық кеңес отырысында талқыланған болатын. Биыл мұндай...

1 МЛН ТЕҢГЕ ГРАНТ БЕРІЛДІ

Айғақ медиа
28.11.2025
0

Шымкентте “Тәуелсіздік ұрпақтары” жобасының жеңімпаздары анықталды. Байқау қорытындысында үздік деп танылған 6 жастың әрқайсысы 1 миллион тенгенің иегері атанды. Бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.