Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік марапаты – «Парасат» орденімен марапатталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай жұмысына белсенді қатысып, елімізде жүзеге асырылып жатқан реформаларды іске асыруға елеулі үлес қосқан азаматтарды жоғары марапаттармен атап өтті.
Осы марапат иелерінің қатарында Тәттігүл Жақсыбайқызының «Парасат» орденімен наградталуы – оның қоғамдық қызметтегі қажырлы еңбегінің, кәсіби тәжірибесінің және ел мүддесіне адал қызметінің айқын көрінісі.
«Тандем» телерадиокомпаниясы» ЖШС бас директоры Тәттігүл Жақсыбайқызының қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайту жолындағы табанды еңбегі, парасатты басшылығы мен азаматтық ұстанымы көпшілікке, әсіресе жастарға үлгі.
Осы орайда, «Айғақ» телеарнасы Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызын жоғары мемлекеттік марапатымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, толағай табыс және ел игілігі жолындағы абыройлы қызметіне толымды табыстар тілейді.
Мерейіңіз үстем, беделіңіз биік болсын!
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПАРТАКИАДАДА БАС ҚОСТЫ
Шымкент қаласының медицина қызметкерлері спартакиадада бас қосты. Ақ халатын спорттық киімге ауыстырған абзал жандар бұл жолы өзара спорт алаңында бақ...









