Жасөскіндерді еңбекке баулу бағытында қаладағы білім мекемелерінде жұмыс істейтін 848 үйірмелерге 25584 бала, 494 спорттық секцияларға 44405 бала тартылады. Осы оқу жылы 14 аула клубында жұмыс істейтін үйірмелерге шаһар мектептерінен 3614 бала тартылып, түрлі бағытта еңбек сүйгіштікке тәрбиеленуде. Жазғы демалыс маусымында білім ұяларында спортық үйірмелер жасақталып, көгалдандыру бригадалары, үйірме жұмыстары жүргізілуде. Жасөскіндердің рухани дүние танымын байыту мақсатында қаламыздың мұражайларына, тарихи орындарға туристік шерулер мен саяхаттар ұйымдастырылады. Атап айтар болсақ, Ж.Шанин атындағы драма театрының әкімшілігімен және кітапханалармен келісім шарт түзе отырып, тәрбиелік мәні бар, жасөспірімдерді ұлтжандылыққа тәрбиелейтін, салауатты өмір салтын ұстануға үгіттейтін тақырыптағы кинофильмдер көрсетіледі. «Үлгілі оқырман» байқаулары ұйымдастырылады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі