Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде мектеп оқушылары онлайн форматқа көшті. Астанада бірінші ауысымдағы 0–6 сыныптар қашықтан білім алуда.
Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында 0–9 сынып оқушылары сабаққа үйден қатысып жатыр. Ақтөбеде барлық сыныптар, ал Павлодарда бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқуға ауыстырылды.
Синоптиктер бүгін елдің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, боран, көктайғақ және тұман болады деп болжайды. Кей өңірлерде желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін.
ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ
Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...










