Оңтүстік полицейлері есірткі сатумен айналысатын қылмыстық топты құрықтады және 5 келіден аса героин есірткісін тәркіледі. Яғни, Төлеби ауданының тұрғыны ОҚО Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасына аталған ауданда есірткі саудасымен айналысатын адамдардың бар екендігін айтып, хабарлама қалдырған. Іле-шала Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері «Арлан» арнайы жасағы және Төлеби АІІБ-мен бірлесе жүргізген жедел іздестіру жұмыстары кезінде күдікті 3 азаматты ұстады. Олар: әйел және екі ер адам, 1954, 1976 және 1993 жылы туылған Төлеби ауданының тұрғындары. Күдіктілердің екеуі 62 жастағы азаматша мен оның 40 жастағы баласы алдын осындай қылмысқа ұқсас сотты болғандар.
Күдіктілердің үйіне тінту жүргізу кезінде полицейлер 5 түйін полиэтиленге оралған, жапсырмамен жапсырылған, ішінде ұнтақ тәрізді, сұрақ түсті, ерекше иісі бар, «героин» — ге ұқсас есірткі затын және электрондық таразы тәркіледі. Сот-криминалды сараптамасының нәтижесінде табылған зат «героин» есірткі заты екені анықталды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 297-бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына жіберілді.
ОҚО ІІД баспасөз қызметі