Үнемі ойлы да, көркемдікке толы туындыларымен танымал облыстық Жұмат Шанин атындағы академиялы қазақ драма театрының ұжымы тағы бір қойылымның тұсауын кесті. Қоғамның өзекті мәселесіне айналған қарттар үйіндегі қариялар тағдыры көпішілікке ой салды. Спектакльді тамашалауға келгендердің қатарында Ордабасы ауданының бір топ еңбек ардагерлері да бар.Театр — ұжымдық өнер. Сахна иелерінің бірі шалыс басса, барлық еңбектің еш кеткені. Ал, табысқа жетудің жалғыз жолы — ауызбірлікте. Сан жылғы тәжірибе мен көрермен ықыласының арқасында абыройлы болған облыстық театр ұжымы бұл жолы «Бақ іздеген бейбақтар» пьесасын ұсынды. Ордабасылық қарияларға рухани ләззат сыйлау үшін, барлығының басын қосып, облыс орталығына бұл күні аудан әкімдігі алып келіп отыр. Аудан басшысы Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы игі бастаманы осылайша алғаш болып қолға отыр.
Ежелде даналар «Тазарғың келсе – театрға бар» деген екен. Күнделікті қарбаластан бір сәт арылғыңыз келсе, ойланбастан театрға барыңыз. Ал, киелі өнер ошағының отын өшірмей, үнемі жаңа қойылымдарымен көрерменге рухани байлық беріп отырған әртістер қауымы бүгінгі күні кілең қариялардың жиналып келуі бастамасына қуанышты екендіктерін жасырмады.
Ботагөз Мәдібек