• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қыркүйек 1, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркістанда венгриялықтар күн сәулесінен энергия алатын жоба жасауда

15.04.2016
0

Әдеттегідей БАҚ өкілдерінің кездесуінде баяндама жасайтын ауданның қатарын бейсенбіде Түркістан қаласы толықтырды. Атқарылған жұмыстар мен ауқымды тірліктердің ретін саралаған қала әкімі Әліпбек Өсербаев 1 сағат бойына қағазсыз есеп берді. Иә, қолында ешқандай құжаты жоқ әкім журналистерге әрбір мәліметтерді, әсіресе, сандық көрсеткіштерді еш бүкпесіз айтып шықты. Бұл әкімдік қызметте отырғанына 2 жылға жуықтаған Әліпбек мырзаның нағыз іскер азамат екендігін көрсетсе керек. Тікелей Елбасы тапсырмасына сәйкес, Облыс әкімінің бастамасымен Түркістан қаласында қолға алынған игі істердің қатары көп.
Түркістан қаласында өткен жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 81 млрд теңгені құраған. Қуантатыны рухани астананың туристері жыл санап артып келеді. 3 жыл бұрын келушілер қатары 618 мың болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 1 млн 25 мың адамға жеткен. Биыл да нақты межені орындау жоспарланып отыр. Ол үшін «Көне Түркістан» концепциясын жүзеге асыру мақсаты бар. 3 кезеңнен тұратын жоба рухани астананың бар мүмкіндік әлемге паш етпек.
Әрбір салаға бөлініп отырған қаржының нәтижесінде кем-кетіктер түзеліп, әлеуметтік тұрмыс жақсарып келеді. Соңғы жылдары аймақтағы инвестиция көлемі де артқан. Мәселен, 4 жұлдызды қонақ үйдің құрылысы жүргізіліп жатса, түйе сүтін өңдейтін алып өндіріс орнын қытайлықтар болашақта жүзеге асырмақ ниетте екен. Арнайы келіссөздер жүргізіліп, екіжақты келісімдер жасалған. Болашақта жылына 1 млрд-тан астам сүт өндіріп, өнімді Батыс Еуропа елдеріне экспорттауға ниетті екен. Әрине, бұл тірліктердің орындалуына алдағы уақыт куә. Ал, венгриялықтар болса, күн сәулесінен энергия алатын жобаларын жасамақ. Нәтижесінде жергілікті халықты жұмыспен қамтып қана қоймай, қайта мамандандыруға да мүмкіндік туады.
Айта, кетейік, Түркістан қаласының бас жоспарына сәйкес, негізгі әкімшілік ғимарат Шымкент бағытының бойында орналасады. Ол үшін арнайы жер бөлініп қойған. Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлер үшін аумағы 100 гектарды құрайтын орын да белгіленіп қойған. Қазіргі таңда 6 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатса, Қазақстанның ипотекалық компаниясы арқылы 9 қабатты 2 үй мен 5 қабатты 2 үйдің құрылысы шешімін тапқан. Сонда, бірінші кезекте үй кезегінде тұрған 4 мыңға жуық азаматтың баспана мәселесі шешілмек.
Мамандығы экономист әкімнің 2016 жылы қолға алынған жұмыстарының ауқымы кең. Транзиттік-логистиканың бірден бір орталығы Түркістан десек, шағын және орта бизнесті дамытуда да қарқынды жобалар қолға алынуда. Сондай-ақ, аймақта өсіру көлемі кенжелеп қалған мақта шаруашылығын да қайта жандандырмақ.

Салтанат Тойболова

Бөлісу5TweetPin

Ұқсас жазбалар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖОЛ АШҚАН МЕКТЕП

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖОЛ АШҚАН МЕКТЕП

Айғақ медиа
25.08.2025
0

      Seitzhan School – сапалы білім берумен қатар, оқушының жан-жақты дамуына басымдық беретін заманауи мектеп. Бүгінде 1000 орындық...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫ — ЖАҢА МІНДЕТТЕР

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫ — ЖАҢА МІНДЕТТЕР

Айғақ медиа
25.08.2025
0

      Үшінші мегаполисте ұстаздардың дәстүрлі қалалық Тамыз конференциясы өтті. Биылғы басқосу «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында...

ШЫМКЕНТТЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН САЙТТАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫН ТАРАТҚАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

САРБАЗ – ЕЛДІҢ АЙБЫНЫ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Шымкент қаласының Жастар сарайында гарнизонның үздік сарбаздарын ұлықтауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері...

ПОЛИЦИЯ БАҒАНАСЫ

ПОЛИЦИЯ БАҒАНАСЫ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Интернеттегі есірткі жарнамасына тосқауыл: Шымкентте 1 200-ден астам ресурс бұғатталды Есірткі қылмысының тамыр жаюына тек оны тікелей сататындар ғана емес,...

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Жаз – демалыс пен серуеннің ғана емес, су айдындарындағы қауіптің де белең алатын уақыты. Әсіресе балалардың қатысуымен болатын қайғылы оқиғалар...

ШЫМКЕНТТЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН САЙТТАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫН ТАРАТҚАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

ҚАУІПСІЗДІК – ЗАҢДЫЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ!

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Өрт қауіпсіздігінің сақшысы – Сүйінбай Баратов республикалық байқауда үздік үштіктен көрінді Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тек қызмет емес, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.