Биылғы жылдың ерекшелігі жылу жылдағыдан ерте қосылады. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тиісті қаулыға қол қойды. Соның нәтижесінде бүгіннен бастап Шымкенттегі орталықтандырылған жылу энергиясының тұтынушыларының (346-бюджеттік нысан, 1762-көп қабатты тұрғын үй) жылу беріле бастады. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда қаладағы әлеуметтік нысандар жылу беру маусымына 100 пайыз, тұрғын үй қоры 99,1 пайызға дайын. Жылу ең алдымен шаһардағы білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандарға беріледі. Кестеге сәйкес, екі апта ішінде барлық көп қабатты тұрғын үйлер жылумен қамтылады. Айта кету керек, алдағы жылыту маусымына қажетті көмір және сұйық отын қоры да жеткілікті. Бүгінгі күні шаһардағы 1762 көп қабатты тұрғын үйдің жылу жүйелеріне жылу беріледі.