20 қазан күні Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «Корпорация» Береке-А» ЖШС-ның бас директоры, Облыстық аналар кеңесінің төрайымы Рәшкүл Оспанәлиева туылған.
Рәшкүл Жәлелқызы 1961 жылы 20 қазанда Жамбыл облысы, Шу ауданының Абай ауылында туған. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалын инженер-технолог мамандығы бойынша бітірген. «Нұр Отан» партиясының мүшесі еңбек жолын Жамбыл облысындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. 1984 жылдан — Шымкент диірмен комбинатының зертханашысы, инженері, аға инженері. 1992 жылдан — Шымкент қаласының №35 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. 1995 жылдан бері жеке кәсіпкерлікпен айналысып келе жатқан Рәшкүл Жәлелқызы 2007 жылдан бері — «Корпорация «Береке А» ЖШС бас директоры. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі. «Құрмет», «Признание» (Халықаралық әлеуметтік бастамаларды көтермелеу қорының, Ресей,) медальдарымен; «Отандық тауар өндірісі және құрылыс» номинациясында «Әйел басшылық ететін үздік кәсіпорын» республикалық сайысының жеңімпазы ретінде ҚР Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның дипломымен (2005); «Тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны мерзімінен бұрын орындағаны үшін» Оңтүстік Қазақстан облыстық сәулет, құрылыс және көркейту департаментінің дипломымен (2005); «Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылықжәне демеушілік қызметі үшін» ҚР Президентінің Құрмет дипломымен (2006); орта кәсіпкерлік субъектілері арасындағы «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясында «Парыз-2009» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша өткізілген сайыстың күміс лауреаты ретінде ҚР Президентінің дипломымен; ҚР Президентінің алғыстарымен марапатталған.
Жамбыл облысы, Шу ауданының, ОҚО Бәйдібек, Қазығұрт аудандарының «Құрметті азаматын» бүгінгі мерейлі күнімен шын жүректен құтықтап, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз!