Әсем табиғаты талайды тамсандырған Оңтүстік өңірі, сонымен қатар тарихи жәдігерлер сақталған шежірелі орындарымен де мақтана алады. Бұл әрине, өз кезегінде туризм саласын жүйелі жолға қоюға мүмкіндік берері анық. Оңтүстіктің бай қазынасын шебер суреттеп, көпшіліктің көңілін аударған Бұқаралық ақпарат құралдарының да туризмнің дамуында өзіндік үлесі бар. Сондықтан ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасы мен «Жас Отан» жастар қанаты БАҚ өкілдері арасында байқау жариялаған болатын. Шежірелі өңірдің демалыс аймақтарын терең зерттеп, жұртшылыққа паш еткен телеарналар мен басылымдар арасында байқау шартына сәйкес бүгін үздіктер анықталды. «Ең үздік бейне көрсетілім», «Ең үздік мақала» және ғаламтордағы «Ең үздік жарияланым» аталымдарына сәйкес белгілі болған жүлдегерлердің арасында «Айғақ» телеарнасы да бар.