Ордабасы аудандық прокуратурасы үлкен қылмыстың бетін ашты. 8-ші қыркүйек күні түс ауа ауданға қарасты Ынталы елдімекенінде жасырын жылыжайды есірткі ордасына айналдырып келген азамат құрықталды. Арыс-Темірлан тас жолының бойында орналасқан сегіз бірдей жылыжайда жасырын түрде жұмыс жасап келген Өзбекстан азаматы екені анықталып отыр. Үлкен көлемдегі есірткі құрамдас өсімдікті өсіріп келген күдікті бұл жылыжайларды жалға алып, жұмыс жасаған деген болжам бар. Қазіргі таңда, бұл өсімдіктің есірткінің қай түріне жататындығын арнайы мамандар анықтап жатыр.
ТӘТТІГҮЛ ТАЛАЕВА “ПАРАСАТ” ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік марапаты – «Парасат» орденімен марапатталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт...










