«Ордабасы» футбол клубына бас бапкер тағайындалды. Енді шымкенттік аяқдопшыларды Бақтияр Байсейтов жаттықтыратын болады. 62 жастағы маман бұрын Шымкенттің «Мелиолатор» мен Алматының «Қайрат» командаларында футбол ойнаған. Ал, бапкер ретінде Қазақстан құрама командасында «Қайрат» пен «Ордабасы» сондай – ақ, «Атырау» футбол клубында еңбек еткен. Жаңадан қызметіне кіріскен басшы алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті. Бір қуанарлығы, бапкер «Ордабасы» командасын Еуролига ойындарына шығару жолында бар тәжірибесін жұмсайтындығын айтады.
МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....