ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ
Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...
2858 тұрғыны бар Жаңаталап елді мекені таза суға әу бастан зәру. Алтынтөбе, Көкбұлақ, Тәуелсіздікке 20 жыл, Жаңаталап, Игілік деп аталатын аймақтағы ағайын биліктегі басшыларға сенімді жоғалтқан тәрізді. Десе де, депутаттар алдамас деген тағы бір үмітпен кездесуге келіпті. Суық күннің ызғары аяқтан өтіп, бойды алсада әлеуметтік мәселені айтуға басқосты.
Бес жылдан бері таза суды армандап, Парламентте отыратын депутаттарға алаңдап отыратын тұрғындар 2020 жылдан зор үміт күтіп отыр. Билікке біреу келіп, біреу кетер бірақ тұрғындар табжылмайды ғой. Сондықтан, халықтың өтініші аяқсыз қалмаса дейді. Е суы, е газы жоқ Жаңаталаптағы тұрғындардың тіпті жері мен үйінің құжаты да дұрыс емес болып шықты. Абай ауданының әкімдігі даладағы суыққа қарамастан кездесуді сыртқа ұйымдастырған. Бірақ, тұрғындарды бұл жағдай алаңдата қоймады. Қалай да депутаттарға өкпе-назын жеткізу керек болып тұр.
Тұрғындар тарапынан Мәжілісмендерге бас қалаға берілетін есеп үшін емес, елден алғыс алу үшін жұмыс істеңіздер деген өтініш айтылды. Елді мекендегі ақсақалдар, қордаланған мәселені жеткізе алатын аға буын өкілдері мен асыл жанды аналар жиылған кездесу кезінде таза су биылғы жылы шешілетін болды. Келесі проблема ми батпақ жолдарға келіп тіреліп тұр. Абай ауданындағы тұрғындардың негізгі арманы мегаполис мәртебесіне сай болсақ екен дейді. Әлеуметтік мәселені әбден қозғаған Жаңаталап тұрғындары сөз соңында «шүкірлік» айтуды ұмытпады. Қазыналы қариялар бата беріп, депутаттармен қол алысып, уәделесіп жатты. Иә, «уәде бұзған кісіден, өтіп кеткен жел артық» деген нақылды ұмытпайық. Ақшаға тақ сатып алсақта, аброй сатып алмаспыз.Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...
Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...
Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...
Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...
⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...
Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.